{metadescription}
Шекарадағы эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі   
Шекарадағы эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі   

Шекарадағы эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі   

Әзірге елдегі эпидахуал оптимистік сценариймен өрбіп келеді. Мәселен, жеті ай «қызыл» аймақта болған елорда енді «сары» аймаққа ауысты. Бірақ шектеу әзірге шарасы жеңілдетілмейді.

Алдағы аптада короновирус инфекциясын жұқтыру дерегі осы сарынмен азая берсе, мамандар қаулыдағы қатаң талаптарды алып тастау жағын қарастырады. Өйткені көршілес солтүстіктегі облыстарда короновируспен сырқаттанғандар саны азаймай тұр. Бұны пандемияның жаңа толқыны жүріп жатқан Ресеймен барыс-келістің көптігімен байланыстырады. Осыған орай бүгін Үкімет шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.   

Елорда қауіптің ең жоғары «қызыл» аймағынан әупірімдеп әрең шықты. Осылайша қаладағы жағдай біршама тұрақтала бастағандай. Бұған статистика да дәлел. Мәселен, екі ай бұрын күніне мың жарымнан аса адам ауру жұқтырса, қазір көрсеткіш тәулігіне 200-ге дейін төмен түскен. Індеттің таралуы екі аптаның ішінде 11 пайызға азайыпты.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында ем алып жатқандар 13 мыңнан 2мыңға дейін азайды. 8 инфекциялық стационар жабылды. Қазір тек 7 инфекциялық және 1 карантиндік стационар жұмылдырылды. Онда қажетті медициналық құрал-жабдық және жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар. Халықты вакциналау жалғасуда.

«Қызыл» аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысында ахуал, керісінше, күрделене түскен. Соңғы аптада ауруға шалдыққандар саны 2,2 пайызға өсіп, бір тәулікте 135 жағдай тіркеліп отыр. Осыған орай карантин талаптары қайта күшейтілді. 25 қазаннан бастап «Ашық» қосымшасы бар нысандардың жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін қысқарды. «Ашық» көшбасшысы мәртебесі барлар сағат түнгі 12-де жұмысын аяқтауы тиіс. 

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Ахуал күрделі болғандықтан шектеу іс-шаралары күшейтілді. Отбасы мерекелері мен еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынды. Мәдениет, спорт және сауда нысандарының, оның ішінде Ashyq жобасына қатысушыларға да жұмыс уақыты шектелді. Қоғамдық көлік қозғалысының режимі қайта қаралды. Мониторг тобының жұмысы күшейтілді.

Үкімет отырысында әкімдерден есеп алған премьер-министр көрші елдердегі алаңдатарлық ахуалға да тоқталып өтті. Өңір басшыларына мемлекеттік шекарадағы эпидемиялогиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Елімізде соңғы екі айда ауру жұқтыру дерегі 4.5 есеге төмендеп, өлім-жітім көрсеткіші де азайған. Соңғы тәулікте індет 1353 адамнан анықталса, 24 адам қауіпті кеселден ажал құшты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде