{metadescription}
Алексей Цой үш бағытта болжам жасады
Алексей Цой үш бағытта болжам жасады

Алексей Цой үш бағытта болжам жасады

Денсаулық сақтау министрі кезекті болжамын жасады. Егер эпидахуал нашарлай түссе, алдағы желтоқсанда вирус күніне 2350 адамнан анықталуы мүмкін дейді Алексей Цой. Министрдің бұл жолғы болжамы үш бағытта жасалыпты.  

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Егер естеріңізде болса, өткен айда басқа көрсеткіш болды. Біз бір айдағы ауру көрсеткішін орта есеппен қараймыз. Сол бойынша алдағы айға болжам жасаймыз. Егер болжамдарымызбен дұрыс жұмыс істейтін болсақ, қазіргідей реалистік және оптимистік сценарий бойынша оң нәтижеге жетеміз. Осы үш айға жасалған болжам жаңа штамдарсыз жасалды.

Қараша, желтоқсан, қаңтар айларынан Үкімет осындай жағымды болжам күтеді. Ал сценарийдің құрылымы мынадай:

- Егер қараша айында 1800-ге дейін, желтоқсанда 2350, ал қаңтарда тәулігіне 3000 жағдайға дейін тіркелсе – бұл пессимистік сценарий. Ал қарашада 1650, желтоқсанда 1600, қаңтарда 1500 науқас індетті жұқтырса, бұл реалистік сценарий. Оптимистік сценарий  әлдеқайда жақсы көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Сценарист-шенеуніктер қарашада күніне 1500, желтоқсанда 1100, ал қаңтар айында 650 жағдайға дейін тіркелетіндігіне  сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде