{metadescription}
Алматыда кинология орталығы мүгедек жеткіншектерге тарту жасады
Алматыда кинология орталығы мүгедек жеткіншектерге тарту жасады

Алматыда кинология орталығы мүгедек жеткіншектерге тарту жасады

Алматыда кинология орталығының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің көңілін көтерді. Балғындарға иттермен бірігіп қойылым көрсетіп, арнайы сыйлықтар табыстады. 

Әдетте есірткі мен жарылғыш заттарды тауып, қоғам қауіпсіздігіне атсалысатын иісшіл иттер де  балалардың ерекше қамқорлықты қажет ететін сезіп тұрғандай. Арнайы орталыққа жиналған мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді кинология қызметкерлері салтанатты түрде қарсы алып,  ит жануарының бар қабілетімен таныстырды.  

Жасөспірімдерге кинологтар мамандандырылған иттердің жұмыстарын көрсетіп, адамдардың адал досы екенін түсіндірді. Бұған қоса олардың қатысуымен дамуында ауытқушылығы бар балаларды оңалтуға арналған арнайы канистерапияның бар екенін де атап өтті. Яғни иттермен қарым-қатынас орнату бейімделуге көмектесіп, енді жетіліп келе жатқан жастарға өзгелерді тыңдап және айтқанды орындатуға әсері мол дейді.

Айдана Қайнарбаева, Кинология орталығының әдістеме қамтамасыз ету тобының инспекторы:

- Арнайы балаларды шақырып, иттермен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында кішкене қабілеті ашылсын деп, балалық шағында білсін деген мақсатта ашық есік күнін жарияладық. Иттермен қарым-қатынас жасау балаларға жақсы көңіл сыйлайды. Ит адамның досы деп тегін айтылмаса керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.