{metadescription}
Дариға Назарбаева өнерлі балаларға 160 домбыра тарту етті
Дариға Назарбаева өнерлі балаларға 160 домбыра тарту етті

Дариға Назарбаева өнерлі балаларға 160 домбыра тарту етті

Күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл. Мерейтой қарсаңында «Дегдар» қайырымдылық қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева өнерлі балаларға 160 домбыра тарту етті.

Еліміздің түкпір-түкіпіріндегі 160 дарынды оқушы осындай сыйға ие болды. Қазақтың киелі аспабы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағдайы төмен жеткіншектерге берілді. Олардың барлығы домбыра сатып алуға мүмкіндігі жоқ талантты балалар.

«Дегдар» қоры ұйымдастырған қайырымдылық жобасының мақсаты – әйгілі күйші, композитор Дина Нұрпейісованың бай мұрасын дәріптеп, ұлттық өнерді насихаттау. Аталмыш шарада сөз алған Дариға Назарбаева күй өнері  қазақ халқының ең құнды һәм бағалы мұраларының бірі екенін атап, ұлттық музыканы ұлықтауға шақырды.

Дариға Назарбаева, «Дегдар» қайырымдылық қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы:

- Ешқандай компьютерлік технология домбыраның ғажап үніне көлеңке түсіре алмайды. Сондықтан біз ұлттық музыкаға құштар балалар көп болған сайын ұлтымыздың болашағы жарқын болатынына сенеміз. Талантты жастарға мол шығармашылық табыс тілегім келеді. Біз сіздерді еліміздің ең үлкен сахналарынан көреміз деп сенеміз. Күйші анамыздың аманатын ақтай беріңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.