{metadescription}
Зерендіде әлеуметтік осал топқа берілген үй сапасыз салынған
Зерендіде әлеуметтік осал топқа берілген үй сапасыз салынған

Зерендіде әлеуметтік осал топқа берілген үй сапасыз салынған

Ақмола облысында жалғызбасты аналар, жетімдер мен мүгедектерге берілген 36 пәтерлі үй иесіз болып шықты. Зеренді кентінде жылдап кезекте тұрып, Елбасының туған күнінде салтанатты түрде пәтер кілтін алған тұрғындар баспана кімге тиесілі екенін осы күнге дейін білмейді.

Оның үстіне күн суытқан сайын тоңып, жылуға жарымай бүрсең қаға бастаған. Есік-терезеден жел үрлеп, жертөлесі суға толған су жаңа үйді әкімдік қалай қабылдап алғанын түсінбейді. Бүгін олар қыс қаһарына мінгенде не істейміз деп айқайға басты. Зеренділіктердің мұңын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Бұл үйде тұрғындар төрт айдан бері тұрып жатыр. Бірақ қолында бір жапырақ қағаз жоқ.Электр плитасымен ас әзірлеп, жылуға электр жылытқышын пайдаланатын олар осы уақытқа дейін коммуналдық қызметке бір тиын төлеп көрмепті.

Өйткені әкімдікте құрылған арнайы комиссия үйді қабылдап алғанымен, құжатын жасап, коммуналдық қызметке тапсырмаған. Пәтер иелерінің қолына да тиісті құжат ұстатпапты. «Ал күн сайын төлем өсіп келе жатыр», -  деп шырылдайды олар. Алайда еш жерде тіркелмеген баспана жайын кімнен сұрарын білмейді.

Ол аздай, күн суытқалы жаңа пәтерлері азынап кеткен. Жылу берілген сәтте су айдайтын сорғыш күйіп, тұрғындарды  әбігерге түсіріпті. Салқын үйде қабырға сыз тартып көгере бастаған.

Амангелді Биманов, Зеренді кентінің тұрғыны:

- Көзді жұмып қабылдай салған.Мына жерде бәрі бір-біріне жалғасып жатыр. Есіктер жабылмайды, терезеден жел үрлеп тұр. Төбеден су ағып жатыр. Бұл үйде мүгедек адамдар бар. Бірінші қабат сыз тартып көгеріп тұр. Үй салғандар жоқ дейді, қайдағы, егер соны өздері бүркеп отырса?! 

Жаңа үйдің жертөлесіне де су толып батпаққа айналған. Тіпті адам аяқ алып жүре алмайтын жағдайға жетіпті. Бірақ судың қайдан келгенін ешкім білмейді. Өйткені балансқа қойылмаған үйде коммуналдық-шаруашылыққа жауапты қызметкердің шаруасы жоқ.

Любовь Астафьева, Зеренді ауданы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Тұрғындардан шағым көп болды. Мердігер компанияға қайта-қайта хат жолдап, олар бригада жіберді. Шағым түскен пәтерлердің есік-терезелерін бекітті. Екі апта бұрын комиссиямен тағы қарап едік, жөндейтін жерлер бар екен. Тағы мердігерге хабар бердік. Бірақ жауап болмады. Ал құжаттарды реттеп, жақында коммуналдық-шаруашылық құзырына  тапсырамыз.

Рүстем Нұрланов, «НұрИнвестгрупп»ЖШС директоры:

Үйді комиссия қабылдап алды. Иә, кез келген жаңа құрылыстың іргетасы  алғашқы жылдары шөгеді. Екі жыл кепілдіктегі үй болған соң, біз жақында  түскен шағымдар бойынша есік-терезесін бекітіп бердік. Екі-үш пәтер ғана суық болса, оған жылу беруші жауапты. Бір жарым метрден су шығады Зерендіде. Жертөледегі су жер астынан шыққан. Сол үшін үш қабатты болса да, үйді қазық қағып салдық.

Мердігер тағы да жылуды тексеру үшін мамандарын жіберген. Ал аудан әкімдігінен құрылған комиссия  үйді тағы қарап шығып, жылу жүйесінен кінәрат тапқан. Айтуларынша, мердігер желіні дұрыс тартпапты. Сондықтан кемшіліктерді актілеп, мердігермен сотта кездесеміз дейді Зеренді кентінің әкімі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде