{metadescription}
Үш жасар баланы ұрған еркек ауру болып шықты – Тараз
Үш жасар баланы ұрған еркек ауру болып шықты – Тараз

Үш жасар баланы ұрған еркек ауру болып шықты – Тараз

Таразда кішкентай баланы соққыға жыққан азаматтың психикалық ауытқуы бар болып шықты. Мамандар бүлдіршінді ұрған сәтте оның ауруы қозып кеткен болуы мүмкін дейді. 

Сұмдық оқиға адам қарасы көп жүретін қаладағы орталық көшелердің бірінде болған. Елдің жағасын ұстатқан видеода ер адам самокат теуіп жүрген үш жастағы баланы бар күшімен ұрып құлатады. Артынша тебуге оқталғанда өзі құлап қалып, сол кезде әжесі немересін арашалап алады. Бала ауыр жарақат алмаған, бірақ қатты қорқып қалған. Оны соққан күдікті Жамбыл ауданының тумасы болып шықты. Ақыл-есінің кемістігі бар ол емін жалғастыру үшін психдиспансерге жатқызылды. Десе де іс қозғалып, тергеу басталды.

Ғалия Елгембаева, психиатр:

- Бұл азамат шизофрения диагнозымен 2018 жылдан бері тіркеуде тұр. Екінші топ мүгедегі. Бірнеше мәрте стационарлық ем алған. 2021 жылдың қыркүйегінде бізден емделіп шықққан еді. Меніңше, баланы ұрған сәтте ауруы қозып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.