СOVID-19: 50 мыңға тарта науқас емделіп жатыр
Төрт өңір әлі де қауіпті «қызыл» аймақта – Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл өңірлерде коронавирустың беті қайтар емес.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
27.10.2021
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстары «сары» деңгейде тұр. Қалған аймақтарда эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Соңғы тәулікте мың жарым аса адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды. Оның 230-ы – алматылық, 223 науқас Павлодар облысының тұрғыны.
Маңғыстау облысында науқас саны аз тіркелген. Бір тәулікте тек 7 адамнан Ковид-19 анықталған.
Дәл қазір 50 мыңға тарта қазақстандық СOVID-19 індетінен емделуде. Оның 8 жарым мыңы стационарда жатыр. «600-ден аса науқастың жағдайы ауыр», - дейді дәрігерлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!