{metadescription}
Полигонда снаряд жарылып, 5 жауынгер жарақат алды – Маңғыстау облысы
Полигонда снаряд жарылып, 5 жауынгер жарақат алды – Маңғыстау облысы

Полигонда снаряд жарылып, 5 жауынгер жарақат алды – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әскери полигонында бес жауынгер жарақат алды. Олар оқу-жаттығу шараларынан кейін "Бекет Ата" полигонын тазалау-залалсыздандыруы кезінде зенитті қондырғының оқ-дәрісін тауып алған. Сол снаряд жарылып, қатардағы бес жауынгер аудандық ауруханаға жеткізілді. 

Аманбек Жұмыров, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бейнеудегі аудандық ауруханаға бес әскери түсті. Біреуі қол-аяғының  бірнеше жерінен жарақат алған. Шұғыл ота жасалды. Барлығына көмек көрсетілді.

Жарылыстан жарақат алғандар – 18-22 жас аралығындағы әскерилер. Барлығына аудандық ауруханада алғашқы көмек көрсетілді. Ауыр жағдайда түскен 19 жастағы жауынгерге дереу ота жасалыпты. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қалған науқастарды қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери госпитальға алып кеткен.

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы: 

- Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметші жарақат алды. Оларға қажет медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағатты деп бағалауда. Аталмыш факті бойынша тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде