{metadescription}
Қарағанды маңындағы 7 қала автобус қатынасынсыз қалды
Қарағанды маңындағы 7 қала автобус қатынасынсыз қалды

Қарағанды маңындағы 7 қала автобус қатынасынсыз қалды

Қарағанды облысында ең ірі жолаушы тасымалдаушы мекеме бүгін қалааралық автобустарды бағытқа шығармай тастады. Соның салдарынан Қарағанды маңындағы 7 қала қатынассыз қалды.

Алексей Головкин, Шахтинск қаласының тұрғыны

- Шахтинскіден жүретіндер көп. Протез алуға жолға шыққам, жете алмай қалдым. Ең болмаса алдын ала айтса болатын еді ғой, автобус болмайды деп. Көбі жұмысына жете алмады. Амалсыз, такси шақырамыз ба деп тұрмыз.

Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалаларынан көбі Қарағандыға жұмысқа барады. Сондықтан қоғамдық көліктің жоқтығы елді қатты дүрліктірді. Ал автопарктегілер жанармай жоқ деп қысқа қайырды. Айтуларынша, дизель отынына субсидия сұрап жергілікті биліктің табалдырығын тоздырыпты. Келісіммен берілетін 950 миллион жетпейді екен. Өздерінің есебімен 2 жарым миллиард қажет. Бірақ биліктегілер автобустарда электронды ақы төлеу енгізілер алдында жасаған монополистің бұл қылығын түсінбей отыр.

Қазыбек Мақышов, Қарағанды облысы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы: 

Жанармайдың қымбаттауы мен пандемияның салдары қоғамдық көлік тасымалына қатты әсер етті. Шамамен 30 пайызға кіріс төмендеді. Қазір автопакртерді дизель отынымен қамтамасыз ету жұмысын жүргізіп жытырмыз. Бірақ олардың өзінде осындай жағдайларға қатысты сақталған жанар-жағармайлары жеткілікті.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.