{metadescription}
Елімізде электронды темекі нарығы бақылауға алынады
Елімізде электронды темекі нарығы бақылауға алынады

Елімізде электронды темекі нарығы бақылауға алынады

Елімізде электронды темекі нарығы бақылауға алынады. Қазір хош иісті түтікшелерді цифрмен таңбалап жатыр. Содан кейін электрондық темекінің техникалық регламенті бекітіліп, оған қатысты заң нормаларында талаптар, шектеулер мен жауапкершілік жағы туралы анық жазылатын болады.  

Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы вице-министрі

Бір мәселе бар – жауапкершілікті белгілеу. Біз қазір электронды темекі импортына жауапкершілік енгізу туралы ұсыныспен шыққымыз келеді. Қазір денсаулық сақтау министрлігі электронды темекі айналымын шектеу үшін техникалық регламентті анықтады, онда электронды темекіге арнайы талап күшейтіледі. Қазір бұл регламенттер меморгандарда келісу кезеңінде.

Жақында қабылданған денсаулық туралы жаңа кодексте қуат көзіне қосылатын темекі кәдімгі шылыммен теңестірілген. Себебі, елде сұранысқа ие түтікшелер денсаулыққа зиян әрі никотинге тәуелді етеді. Сондықтан құзырлы органдар Қазақстанда электрондық темекінің өндірісі мен айналымын бақылауға аламыз деп отыр. Құрамында глицерин мен никотин бар вейп бастапқыда темекіні тастағысы келетіндерге ермек ретінде жарнамаланған. Алайда қазір кәдімгі шылымды жолда қалдырып, көптеген жастардың әуестеніп барады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.