{metadescription}
Алматыда 8-сынып оқушысы 11-ші қабаттан секіріп қаза тапты
Алматыда 8-сынып оқушысы 11-ші қабаттан секіріп қаза тапты

Алматыда 8-сынып оқушысы 11-ші қабаттан секіріп қаза тапты

Алматыда 8-сынып оқушысы 11-ші қабаттан секіріп қаза тапты. Ол  химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған. Кейбір дерек көздерінде оқушының мектептегі Гарри Поттер тақырыбында өткізілген күзгі кешке белдемше киіп келуі себеп болғаны айтылады.

Ол құрдастарының келекесіне намыстанса керек. Алайда мектеп тарапы ондай кеш өтпегенін айтып ақталды. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты суицидке итермелеу бабымен қылмыстық іс қозғаған.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ауласында өлі тыныштық. Күзетшілер анда-санда кіріп-шыққанды тілшілерге жолатпай әлекке түсіп жүр. 11-ші қабаттан секіріп өлген ер бала осы білім ордасында оқыған. Қайғылы оқиға кеше кешкілік бұл аумақтан тыс жерде болғанын айтқан басшылық ақталып әлек. Бірақ 8-сынып оқушысын жақсы қырынан сипаттаған мектеп өкілдері сөзге сараң. Тіпті әлденені жасырғандай түрлі сұрақтан қашқақтаған олар қақпадан бері шығуға жарамады.

Жанар Адамбаева, химия-биология бағытындағы НЗМ баспасөз хатшысы:

- Ол бала жақсы оқыды. Оқуы да өте жақсы. Мектептің іс-шараларына да жақсы араласатын. Өте жақсы бала. Бізде бәрі жақсы оқитын балалар ғой. Өзі ақылды. Сондай жақсы бала болатын. Өзімізге үлкен қайғы болып тұр.

Тергеу мүддесін алға тартқан мектеп ұжымы бұдан артық тіс жармады. Кейбір дерек көздерінде кеше білім ордасында Гарри Поттер тақырыбында күзгі кеш өткені айтылады. Марқұм бала сол кезде белдемше киіп келіп, кейін құрдастарының күлкісіне қалыпты. Кейін онымен психолог та сөйлескен көрінеді. Өкінішке қарай мазаққа намыстанған бала өзіне қол жұмсаған. Алайда мектеп өкілдері бұл ақпаратты растаған жоқ. 

Жанар Адамбаева, химия-биология бағытындағы НЗМ баспасөз хатшысы:

- Сөйлесті ме, сөйлсепеді ме, мен айта алмаймын. Бірақ осы мектептің психологы ғой? Мен сіздерден естіп тұрмын, «психологпен сөйлесті» дегенді. Кішкентай іс-шара. Ол күнде болатын іс-шара.

Кеше концерттік шара болды ма?

- Жоқ, мерекелік шара емес. 

Десе де мектептің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында кеше түстен кейін «Гарри сауық кеші» болатыны хабарланған. Күзгі мерекелік шара 7 және 8-сынып оқушыларына арналыпты. Тіпті көңілді кешке қатысатындарға Гарри Поттер шығармасының үлгісінде киініп келуге талап қойылыпты. Алайда мектеп ұжымының не үшін жауаптан жалтарып жоққа шығарғаны түсініксіз. Ал полицейлер қайғылы оқиғаға қатысты «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғады. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Аталмыш дерек Бостандық ауданы полиция басқармасымен сот алды бірыңғай реестрде ҚР ҚК 105-бабымен тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Демек, оқушының суицидке не себепті барғаны тергеуде белгілі болады. Ал қазір қайғылы оқиғадан шошынып қалған мектептегі өзге оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.