{metadescription}
Үкімет азық-түлік, көкөніс бағасын қымбаттатпауға қауқарсыз
Үкімет азық-түлік, көкөніс бағасын қымбаттатпауға қауқарсыз

Үкімет азық-түлік, көкөніс бағасын қымбаттатпауға қауқарсыз

Елімізде көкөніс қымбаттады. Айналдырған бір аптаның ішінде картоп пен сәбіз, қырыққабаттың бағасы 50-60 теңгеге көтерілген. Саудагерлер алдағы күндері тағы да бағасы өсетінін айтады.

Ал депутаттар азық-түлік пен көкөніс бағасына қатысты Үкіметтің қолға алған шарасы «түкке жарамай отыр» деп сынға алды. Сенаторлардың сөзінше, бағаны тұрақтандыру үшін тауар құнына шектеу қойып, қатаң бақылауға алу қажет. 

Бұрын азан-қазан болып жататын Қызылжардың көтерме базары қазір қаңырап бос қалғандай. Өйткені әкеліп жатқан тауар жоқ. Жергілікті бағбандар биыл көкөністің мол өнім бергенін айтады. Бірақ бағаның көтерілуін күтіп, көбісі қорға сақтап қойыпты. Енді тапшылық кесірінен айналдырған бір аптаның ішінде Петропавлда картоп 50 теңгеге, сәбіз 60 теңгеге қымбаттаған. Жол шығынының көбеюіне байланысты оңтүстіктен көкөніс жеткізу тиімсіз.

Тахир Нұрғалиев, саудагер:

- Солярка қымбаттағаны үшін оны алып бара алмаймыз. Үстіне 50-60 теңге қосылып кеткеннен кейін тауардың бәрі қымбаттады. Сол үшін әкеле алмаймыз да, апара да алмаймыз. Әкелсек те, базарда өткізген қиын болады.

Еліміздің батысында да азық-түлік пен көкөніс бағасы күн санап қымбаттап жатыр. Оралда ай басында келісі 180 теңгеден сатылған картоп қазір 220 теңгеге жеткен. Ал сәбіз бен қырыққабатқа саудагерлер елу теңге қосып, келісін 250 теңгеден сатуда. Жергілікті билік көкөніс бағасын реттей алмай отырғанын мойындайды. Бірақ оны қуаңшылық пен тыңайытқыш бағасының көтерілуінен көреді.

Денис Умашев, БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Мамыр айында, сосын шілде-тамыз айларында қырықтан асатын ыстық күн септігін тигізіп отыр, өнімділік төмендеуіне. Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қажет тыңайтқыштардың қымбаттауы айналып келгенде өнімнің өзіндік құнының өсуіне әкеліп соқты.

Жыл басынан бері елімізде сәбіз бағасы 45 пайызға, картоп

38,5 пайызға қымбаттаған. Күнбағыс майы соңғы он айда 10.9 пайызға өсіпті. Пияз бен қанттың бағасы ай сайын қымбаттап отырған. Бұл ұлттық статистика қорының дерегі.

Азық-түлік бағасын шектеп ұстап отыра алмай отырған үкіметке сенаторлар да өкпелі. Депутаттар осы уақытқа дейін қабылданған шаралардың бірде-бірі түкке жарамады деп отыр.     

Бауыржан Қаниев, Сенат депутаты:

Үкімет бағаны екі тәсілмен тұрақтандыруға тырысып жатыр, бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ. Біріншісі6 пайызбен кәсіпкерлерге несие беру арқылы. Бірақ оған көп кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының қолы жетпей отыр. Екіншісіазық-түлікті төмен бағамен сататын әлеуметтік дүкендер арқылы. Бұл дүкендердің саны аз, ішкі нарықты толық қамти  алмайды. Сондықтан да бұл тәсілдер нарықтағы бағаға көп әсерін тигізе алмай отыр.

Сенатор қымбатшылық қыспағынан құтылу үшін азық түлік бағасына шекті баға қою керегін айтады. Жергілікті билік бағаға қатысты бақылауды күшейтіп, тауар құнын көтергендерді жазалу керек дейді.

Осы уақытқа дейін елімізде ішер асымыздың көбін сырттан тасып отырмыз. Азық-түліктің 70 пайызы иморт болса, тек 30 пайызы ғана отандық өнім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде