{metadescription}
Шымкентте заманауи жабдықталған көз аурулары клиникасы ашылды
Шымкентте заманауи жабдықталған көз аурулары клиникасы ашылды

Шымкентте заманауи жабдықталған көз аурулары клиникасы ашылды

Зағип жандарға жағымды жаңалық. Шымкентте заманауи қондырғылармен жабдықталған көз ауруларының клиникасы ашылды. Медициналық орталық Көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының оңтүстік өңіріндегі филиалы.

Жылына төрт мыңға жуық ота жасауға мүмкіндігі бар. Тіпті күнгейден ғана емес, шетелден келетін науқастарды да қабылдауға дайын. 

Көз ауруына шалдыққан Шымкент тұрғындарына арнаулы медициналық көмек қажет-ақ еді. Енді мәселе шешілген сияқты. Қазақстанның Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының  оңтүстік өңіріндегі бөлімшесі төрт қабатты заманауи қондырғылармен жабдықталған жаңа ғимаратқа көшті.

Орталықтағы 81 маман Алматыдағы ғылыми институттың резедентурасын бітірген. Көру қабілеті бұзылған жандарды тексеруден бастап, кез келген күрделі отаны жасауға даярланған екен. Бұған әсіресе пациенттер мәз.

Бақытжан Қалымбетов, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Біз бұрын осы көз ауруларымен Астанаға, Алматыға баратынбыз. Қаражат керек оған, жолымызға уақыт кетеді. Енді өзімізде – Шымкентте ашылып, жағдайымыз дұрысталды, керемет. Келешекте бәріміз осыған келіп қаралып тұрамыз, енді әрі-бері жүріп әуре болмаймыз.

Тәулік бойғы 20 орындық стационар, күндізгі стационар 16 төсек орнымен қамтылған. Одан бөлек ақылы орындар да қарастырылған. Жылына 4 мыңға жуық ота жасауға мүмкіндік бар.

Рүстем Ботабеков, Көз аурулары клиникасының директоры:

Жаңа ғимаратта жаңа технологиялар, әлемге сай болып келеді. Бұл технологияларға біз барлық ота түрін жасаймыз. Ота түрлері алдында Шымкент қаласында жасалмаған. Бұл оталардың бәрін жасаймыз. Порталмен тегін түрде немесе ақылы түрде жасаймыз.

Бұрын-соңды мұндай дәрежедегі оталар тек Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ғана жасалынатын. 85 жылдық тарихы бар  Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институтының оңтүстік өңіріндегі бөлімшесі ретінде ашылған клиника енді Орта Азиядағы үздіктердің қатарына кіруді жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде