{metadescription}
Семей: Талица тұрғындары қоғамдық көлікке зар болып отыр
Семей: Талица тұрғындары қоғамдық көлікке зар болып отыр

Семей: Талица тұрғындары қоғамдық көлікке зар болып отыр

Семей іргесіндегі Талица ауылының тұрғындары қоғамдық көлікке зар болып отыр. Автобус жүрмей, қалаға қатынау қиындаған. Такси жүргізушілері жұрт ақшасын төлесе де, ауылға аттап баспайды.

Өйткені тас жол талай жылдан бері жөндеу көрмей тас-талқаны шыққан. Енді қатынастың жоқтығынан елдімекен халқы қиналып отыр. Әсіресе қалада оқитын жастар мен жұмыс істейтін тұрғындар жол азабын тартуда.

Талица ауылы Семейден небәрі 35 шақырым жерде орналасқан. Қазір елдімекенде 300-ден астам тұрғын бар. Қарашаға шаһарға қатынау бас ауыруына айналған. Өйткені қоғамдық автобус жүрмейді. Ал такси жүргізушілері шұрық-тесік тас жолмен жүргісі келмейді.

Тұрғындардың айтуынша Талица өркениеттен жұрдай болған. Шенеуніктер елдімекенге мүлде көңіл бөлмейді деп налыды. Себебі, жыл сайын тас жол төсейміз деп уәде беретін басшылар шұрық-шұрық асфальтті жамауға жарамады дейді. Соның салдарынан 10 жылдан бері күніне бір рет қатынап келген автобус екі жарым айдан бері тоқтап қалған.

Тоқтасын Божанов, Талица ауылының тұрғыны:

Зейнетақы алу үшін қалаға барамын. Қалада бала-шағам тұрады. Олар да келе алмайды, жол нашар. Сондықтан ең бірінші жолды жасау керек. Одан кейін автобус шығаруын сұраймын.

Автобустың тоқтап қалуы Семейде оқитын жастар мен жұмыс істейтін тұрғындарға қиындық тудыруда. Әсіресе басы ауырып, балтыры сыздаған жұрт ауруханаға дер кезінде жете алмаймыз деп ашынды.

Бақытгүл Бөлеубаева, Талица ауылының фельдшері:

Бізге автобус қажет. Жолды жөндеу керек. Халық қиналмасын. Пациенттерім жіберген дәрігерлеріне уақтылы қабылданатындай. Ауырған кісіні жібергеніммен, олар бара алмайды.  Өйткені жол жоқ, соның кесірінен көлік те жоқ.

Ал жергілікті билік қоғамдық көлік мәселесін шешеміз деп уәде берді. Бірақ автобус қалаға дейін қатынамайды.

Ербол Шәріпов, Озерка ауылы округі әкімдігінің бас маманы:

Өз теңгерімімізде «ПАЗ» автобусы бар. Бүгінде оған ақша бөлініп жөңделді. Жүргізуші «Д»  санатын алу үшін сынақ тапсырады. Автобус дайын тұр. Сенбі, жексенбіде автобус шығады деп ойлап тұрмыз. Біз Талицадан Озеркаға дейін ғана тасимыз. Одан былай тұрғындар таксимен жететін болады.

Сондай-ақ тұрғындарды таситын автобус керек деп Семей әкімдігіне де  өтініш берген. Қазір оған байқау жарияланыпты. Ал талай жыл жөңдеу көрмеген жол мәселесі келесі жылдың еншісіне қалып отыр. Себебі: жаңа асфальт төсеуге қомақты қаржы қажет. «Оны ауылдың бюджеті көтермейді», - дейді шенеуніктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде