Араққа тойып алып мұнарадан секіріп өлмек болды – Алматы
Алматыда ер адам Назарбаев даңғылы бойындағы «Эйфель» мұнарасынан секіріп өлмек болды. Түн ішінде жұртты дүрліктірген азамат араққа сылқия тойып алған екен.
Автор: Мақсат Мәлік
29.10.2021
Полицияға әлдекемнің «Эйфель» мұнарасына өрмелеп бара жатқанын байқап қалғандар хабар беріпті. Алайда мұнараның орта тұсында жайғасып алған азаматты жерге түсіру оңай болмаған. Өйткені тәртіп сақшыларына сол маңдағы күзетшілер көмекке келіпті. Оның құлап кетуінен қауіптенген төмендегілер арнайы жайма ұстап тұрған. Десе де күзетшімен бірге жоғары шыққан тәртіп сақшылары оны әупірімдеп жүріп сатының көмегімен төмен түсіріп алды. Ал суицид жасамақ болған азамат полицияға мұндай қадамға тұрмыстың қиындығынан барғанын айтыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!