{metadescription}
Жас қыздар есірткіні жұмсақ ойыншыққа жасырған – Ақмола облысы  
Жас қыздар есірткіні жұмсақ ойыншыққа жасырған – Ақмола облысы  

Жас қыздар есірткіні жұмсақ ойыншыққа жасырған – Ақмола облысы  

Есірткіні ойыншыққа жасырған. Ақмола облысында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен колледждің екі оқушысы ұсталды. Жас қыздар зиянды затты жұмсақ ойыншыққа жасырған.

18 жастағы оқушы қыздар бұл жұмысты ғаламтор арқылы тапқан. Жарнамада асханада жұмыс істейсіңдер деп көрсетіліпті. Бірақ жұмыс берушімен хат жазысқан кезде олар ұсынылған кәсіптің есірткімен байланысты екенін түсініпті. Бірақ бас тартпаған. Олардың бірі қуыс-қуысқа есірткі салынған түйіншектерді жасырса, екіншісі тауардың қайда жасырылғанын клиенттерге айтып отырған. Қыздар күдік тудырмас үшін түйіншекті жұмсақ ойыншыққа жасырыпты. Полиция қонжықтың ішінен оралған 60 түйіншек тәркіледі.

Мейрам Жапбасов, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы:

Көкшетаудағы Оқжетпес стадионы маңында есірткі түйіншектерін жасырып жүрген екі қыз ұсталды. Олардан барлығы 95 түйіншек табылды.Аталған факті бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.