{metadescription}
Павлодарда балалар ауруханасынан өрт шықты
Павлодарда балалар ауруханасынан өрт шықты

Павлодарда балалар ауруханасынан өрт шықты

Павлодарда облыстық балалар жұқпалы ауруханасынан өрт шықты.   200-ге тарта адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Оның 100-ден  астамы медициналық мекемеде емделіп жатқан балалар. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау таңғы сағат төрт шамасында тұтанған. Инфекциялық стационардың дабыл жүйесі іске қосылған. Ал ғимараттың дәлізін лезде түтін басқан.

Төтенше жағдайға тоқтың қысқа тұйықталуы себеп болған. Дәрігерлер өрттен ешқандай шығын келген жоқ деп сендіріп отыр. Десе де қабырғаларды қара күйеден тазартуға біраз уақыт қажет.

Өрт шықпай тұрып, шамамен бір жарым сағат бұрын ауруханада электр жарығы өшіп қалған.

Ренат Уәлишанов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығы:

- Өртті сөндіру барысында 14 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның жетеуі – бала. Құтқарушылар келгенде санитарлық бекеттегі пластикалық есік жанып жатты. Содан ғимаратты түтін басқан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде