{metadescription}
Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында өрт болды
Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында өрт болды

Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытында өрт болды

Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытының күлі көкке ұша жаздады. Кәсіпорынан алапат өрт шығып, ондағы қызметкерлер түгілі, жақын маңдағы ауыл тұрғындарына да қауіп төнді. Абырой болғанда өрт сөндірушілер үлкен апаттың алдын алып үлгерді.  

Тілсіз жау күндізгі сағат 12 шамасында тұтанған. Зауыт Аса ауылының дәл іргесінде орналасқан. Сондықтан тұрғындар жағдай ушықса үйін тастап қашуға дайын отырған. Ал тәртіп сақшылары кәсіпорынның аумағын қоршауға алды. Өйткені жарылыс бола ма деген қауіп болған. Шұғыл жеткен төтеншеліктер шарпыған жалынмен бір сағат бойы алысты. 75 қызметкер мен 21 техника жұмылдырылған. 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуардан өрт шыққан. Әзірге шығын көлемі белгісіз. 

Мақсат Әкімбаев, Жамбыл облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Өрт сағат 13:05-те оқшауланып, 13:25-те толық жойылды. Өрт  технологиялық процесті бұзу салдарыннан орын алып отыр. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде