Т.Байсафаның өліміне қатысы бар күдікті сотқа қайта шақырылады
Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар күдікті сотқа қайта шақырылады. Мәскеу соты төрт ай дегенде Муртузали Меджидовті ақтау туралы үкімнің күшін жойды. Істі енді Никулин соты қарайды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
29.10.2021
Тергеушілер Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты студентінің қалай өлгенін үш жылдан астам уақыт бойы анықтап жатыр. Оның өліміне қатысы бар деп танылған күдікті Муртузали Меджидов те осы жылдар аралығында Томирис өз-өзіне қол жұмсады деумен келеді. Муртузали Дағыстан үкіметінің экс-басшысы, белгілі кәсіпкер Мұхтар Меджидовтің баласы. 2020 жылдың 28-шілдесінде қамауға алынған бай баласы биыл маусымда алқа билердің шешімімен бостандыққа шықты.
Алайда марқұмның туыстары бұл ақтау үкімімен келіспей, қайта апелляциялық шағым түсірген. Енді алқа билер соты қайта өтеді. Томиристің отбасы жаңа сот тыңдауының қашан болатынынан бейхабар.
Жанна Ахметова, марқұм Т. Байсафаның анасы:
- Тағы да сол алқа билер соты болады. Мұндай сот отырысын жүргізуді таңдау айыпталушы тараптың қалауы. Бірақ ендігі болатын алқа билер сотына қатысушылар, төрағасы таңдалынады, яғни жаңа құраммен өтеді. Жаңа деректер бар болғандықтан, іс қайта сотта қаралайын деп отыр. Шынын айтсам, мен маусымда өткен сот отырысына дайын болмадым. Енді барлығын бүге-шүгесіне дейін зерттедім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!