{metadescription}
НЗМ: Оқушылар жаппай белдемше киіп қарсылық білдірді
НЗМ: Оқушылар жаппай белдемше киіп қарсылық білдірді

НЗМ: Оқушылар жаппай белдемше киіп қарсылық білдірді

Алматыда оқушылар жаппай белдемше киіп қарсылық білдірді. Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын жеткіншектер 8-сынып оқушысының өліміне қатысты осылай наразылық өткізіп отыр.

Екі күн бұрын қаладағы тағы бір Назарбаев зияткерлік мектебінде Гарри Поттер тақырыбындағы кешке белдемше киіп келген ер бала соңынан 11-ші қабаттан секіріп өлген болатын. Ал бүгінгі шараны ұйымдастырушылар марқұмға мектеп әкімшілігі тарапынан қысым көрсетілгенін айтты.  

Дариға Жаңабаева, акцияны ұйымдастырушы:

Бұл жай ғана қалжың болатын. Оған ерекше көрінген ұнайтын. Бізге лагерьде бірге болғанда соңғы күні белдемше киіп өзіне көңіл аудартқан еді. Бәрі әзіл ғана. Бұдан еш жамандық көріп тұрғаным жоқ. Әзіл ретінде көрсеткісі келген. Бірақ содан кейін оған қысым басталған. Біз жаңа ұрпақпыз, басқаша ойлаймыз. Ұстаздар бізді сол күйінде қабылдап кедергі жасамаса екен дейміз.

Мектеп ауласындағы флешмобқа түрлі сыныптағы оқушылар қатысқан. Олардың арасында ер балалар да белдемше киіп алған. Шараны ұйымдастыруға мектепті бітіріп кеткен түлектер де атсалысыпты. Киімде тұрған сөкеттік жоғын меңзеген жеткіншектер суицидке итермелеген оқиғаны айыптайды.

Ал наразылық шарасының өткенін растаған мектеп ұжымы «ешкімге қысым көрсетілмейді, алайда оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргіземіз» дейді.

Кеше Химия-биология бағатындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын 8сынып оқушысының суицид жасағаны жөнінде түрлі ақпарат тараған. Ал бүгін «Гарри сауық кешіне» белдемше киген оқушыға мектеп әкімшілігі айқайлап, кейін оны психологқа сүйреп әкелгені айтылды. Тіпті сол оқиғадан соң ата-анасын шақыртыпты. Баланың әрекеті үйде жанжалға ұласып, артынша ол 11-ші қабаттан секіріп кеткен. Қазір қайғылы жағдайға қатысты «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде