Үздіктердің үздігі «Елбасы жолы» экспедициясына аттанды
Үздіктердің үздігі «Елбасы жолы» экспедициясына аттанды. 20 мың үміткерден іріктелген 10 оқушы тұңғыш президенттің жолымен жүріп көрді. Балалар Алматы облысы, Түркістан қаласының көрікті әрі киелі жерлерін аралады.
Автор: Елдос Есенбол
01.11.2021
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған өлкесін көріп, мұражайымен танысты. Елбасы білім алған Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектепке барды.
Экспедицияға қатысқан балалар Нұрсұлтан Назарбаев қоры іске асырған «Қабілет қызметі» орталығының алғашқы қонағы болды. Бұл жобаның мақсаты – болашақ талапкерге мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу. Икемі мен қабілетін одан әрі шыңдау. Сыни ойлауын дамыту. Жобаның қатысушысы арнайы платформа арқылы тестілеуден өтуі керек. Сынақты психология ғылымдарының докторлары, профессорлар әзірлеген. Алғашқы кезеңге 10-11 жастағы 50 мың оқушыны қамту жоспарланған.
Маржан Иманғалиева, «Елбасы академиясы» КҚ ресми өкілі:
- Экспедицияның басты мақсаты – Елбасының жүріп өткен қиын жолдарын және шығармашлық саяси еңбектерін жастарға насихаттау. Қазіргі таңда 7 қаланы аралап келдік. Көбінесе ауыл балаларының білімін арттыру, оларды жақсы ортаға тарту.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!