{metadescription}
Алдағы үш күн ішінде күн суытады
Алдағы үш күн ішінде күн суытады

Алдағы үш күн ішінде күн суытады

Алдағы үш күн ішінде ауа райы күрт өзгеріп, күн суытады. Синоптиктердің болжауынша, осы уақыт аралығында еліміздің басым бөлігінде қыстың кәрі сезіліп, соңы қарға ұласатын жаңбыр жауады.

Қараша айының алғашқы күндерінде солтүстік, шығыс және орталық өңірде үскірік өтсе, екі күннен соң оңтүстік аймақта жел екпіні күшейіп көктайғақ пен тұман түседі. Әсіресе солтүстік, орталық және шығыста түнде ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеп қатты аяз тұрады.

Мамандар осылайша қарашаның 3-і мен 4-і аралығында еліміздің көп аймағы Қара теңіз өңірлерінен ығысып жететін суық антициклон ықпалында болатынын айтады. Қарашаның қара суығы демде тарқамайтынын ескерткен синоптиктер айдың ортасында бұрқасын болуы мүмкін дейді. Ал алдағы үш күнде еліміздің тек батысында ғана ауа райы тұрақты болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде