{metadescription}
COVID-19: Бір күнде 1395 адамның сынамасы оң нәтиже көрсетті
COVID-19: Бір күнде 1395 адамның сынамасы оң нәтиже көрсетті

COVID-19: Бір күнде 1395 адамның сынамасы оң нәтиже көрсетті

Алматыда карантин талабы жеңілдетілді. Бір апта жағдайды бақылаған мамандар  инфекция жұқтыру дерегі төмендегеніне байланысты қаулыға тағы өзгеріс енгізді.

Шаһардағы ашық қосымшасы мен көшбасшысын қолданатын нысандардың жұмыс істеу уақыты бір сағатқа ұзартылды. Осылайша алып қаладағы ахуал оңала бастағанымен, өзге өңірлердегі жағдай әлі де алаңдатарлық. Әсіресе еліміздің солтүстік шебіндегі аймақтарда карантин күшейтіліп жатыр.

  • "Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Алматының ахуалын бақылаған санитарлар соңғы бір аптада жағдай едәуір оңалғанан айтады. Осыған орай бүгіннен бастап шаһар тұрғындары «сары» аймақтың ережесімен жүріп-тұрады.  Қаладағы «Ашық» қосымшасын қолданатын орындар түнгі сағат 1-ге дейін, ал ашық көшбасшысы бар нысандарға жұмысын жалғастыруға түнгі сағат 03:00-ге дейін рұқсат берілді. Алайда әдеттегідей сенбі-жексенбі күндері тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана сауда ойын-сауық орталықтарына емін-еркін кіре алады.

Сәдуақас Байғабылов, Алматы қаласы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- «Ашық» көшбасшысын қолданатындар «сары» аймаққа ауысқанымен, тура «жасыл» аймақтағыдай жұмыс істей алады. Бұдан бөлек кез келген орындарға келуші саны 10-20 адамға артты.  Яғни кәсіпкерлер қонақтарының санын тағы 20 пайызға көбейте алады. Мерейтой, спорттық және еске алу шараларын өткізуге рұқсат берілді.

Ақтөбе облысында қауіпті індет қайта үдеп барады. Өткен аптада вирус жұқтырғандардың күндік көрсеткіші 15 адамға дейін төмендеген еді. Енді қайта екі есеге өскен. 29 науқастың жағдайы тым ауыр. Арасында жүкті келіншек бар. Эпидкартада «жасыл» деңгейден сарыға ауысқан Ақтөбеде алдағы күндері карантин шектеулері тағы да күшейтілуі мүмкін. «Оны бес күндік бақылаудан соң шешеміз» - деп отыр санитар мамандар.

 Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиялогияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Біз бұндай жағдай ушыққанда бес күн тағы да күтеміз. Бес күн эпидахуалды бақылаймыз. Егер ушығатын болса, карантинді күшейту жөнінде қаулы қабылдаймыз.

Коронавирус кеулеген аймақтар арасында Солтүстік Қазақстанда да жағдай мәз емес. Соңғы екі аптада ауру жұқтыру саны бір жарым есеге артыпты. Ақ халаттылар мұндағы ахуалға аландап отыр. Өйткені инфекциялық стационарларда жатқан науқастардың 60 пайызының жағдайы ауыр. Соған орай қосымша инфекциялық төсек-орындар ашуға тура келген.

Нұрлан Айманов, СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Дәрігерлер барынша жұмыс істеп жатыр. Қазір ауру жұқтырып қатты науқастанып жатқандардың ішінде 90 пайызы вакцина салдырмағандар. Жұртшылық індетті көпшілік орындардан жұқтырып жатыр. Қазір барлық аудандық ауруханаларда инфекциялық стационарлар бар. Жедел жәрдем де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Індет жұқтырған көбінесе орта жастан асқан кісілер түсіп жатыр.

Қауіпті кесел соңғы тәулікте тағы 18 отандасымыздың өмірін жалмады. Ал бір күнде 1395 адамның сынамасы оң нәтижені көрсеткен. Жалпы статистика басында Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Мұнда кеселге шалдыққандардың саны күн сайын жүздің үстін көрсетуде. Тек Маңғыстау облысында көрсеткіш оң жағына қарай кеміп, бір тәулікте екі адамнан ауру анықталыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде