{metadescription}
Пенжімдегі төбелесте жарақат алған екі науқас оңалып келеді
Пенжімдегі төбелесте жарақат алған екі науқас оңалып келеді

Пенжімдегі төбелесте жарақат алған екі науқас оңалып келеді

Алматы облысының Пенжім ауылындағы төбелесте жарақат алған екі науқас оңалып келеді. 16 жастағы жеткіншек өткен жұмада жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылған. Ал 1967 жылғы азамат хирургия бөлімінде емделіп жатыр.

27-қазан күні Алматы облысының Пенжім ауылындағы мектепте төбелес болып, 10-сынып оқушысы ауруханаға түсті. Жасөспірімнің басына бірден ота жасалып, дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалды. Дәл сол күні осы төбелесті желеу еткен бір топ жас жігіт үйлердің терезесіне тас лақтырған болатын. Қаңғыған тастың бірі басына тиген ер адамды да ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер науқастардың оңалу кезеңін оң бағалап отыр.

Ерболат Бегембеков, Панфилов ауданы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты. Нашарлау жоқ. Есін анық біледі. Гемодинамикасы бірқалыпты. Неврологиялық симптомдар жоқ. Емін клиникалық хаттамаға алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде