{metadescription}
СOVID-19: Ауруханада – 8 мың, жағдайы ауыр – 52, аппаратта – 109
СOVID-19: Ауруханада – 8 мың, жағдайы ауыр – 52, аппаратта – 109

СOVID-19: Ауруханада – 8 мың, жағдайы ауыр – 52, аппаратта – 109

Қатерлі індет тағы 26 жерлесіміздің өмірін жалмады. Марқұмдардың арасында 19 адам коронавирустан көз жұмса, өзге 7 науқастың қос өкпесі қабынып қайтыс болды.

Кейбір өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа ауысып, елдегі эпидахуал оңалған секілді көрінгенімен, вирус жұқтырғандардың қатары да азаятын емес. Өткен тәулікте мың 312 отандасымыздың сынамасы оң нәтиже көрсеткен. 

Соңғы тәулікте 180 адам коронавирус пневмониясын жұқтырыпты. Вирустың құрығына іліккен аймақтар арасында Алматы әдеттегідей көш бастап тұр. Алатау бөктерінде соңғы дерек бойынша 166 тұрғыннан вирус анықталған.

Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында да жағдай мәз емес.

Бүгін Қызылорда облысы қауіптің орта деңгейінен «жасыл» жолаққа ауысты. Ал «қызыл» аймаққа Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары жайғасқан.

Қазір ел аумағында 44 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. Оның 8 мыңға жуығы аурухана төсегіне таңылған. Ал 52 сырқаттың жағдайы ауыр.

109 науқас өкпені жасанды желдету аппартына қосылған.

Пандемия басталғалы 943 мыңнан  аса жерлесіміз коронавирус зардабын тартыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде