{metadescription}
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тағы қымбаттайды
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тағы қымбаттайды

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тағы қымбаттайды

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік құны тағы шарықтайды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баға тек бізде ғана емес, әлем бойынша өсіп жатқанын алға тартып басу айтқандай болды. Ведомство басшысы бағаны ауыздықтау дәл қазір оңайға соқпай тұрғанын түсіндірді. 

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құны 10 пайызға өсіпті. Әсет Ерғалиев азық-түліктің тоқтаусыз қымбаттауы инфляцияға да кері әсер еткенін жеткізді. Қазір оның деңгейі 8,9% шамасында екен. Ал әлемдік инфляция деңгейі 33%-ға жеткен.Ұлттық экономика министрі халықтың табыс көзін арттырып, бағаны тұрақтандыру үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз деп ағынан жарылды. Бірақ нақты қандай шара атқарылып жатқанын айта алмай тосылды.

Қазір Қытайдан тауар кіргізе алмай отырған кәсіпкерлердің саны еселеп артқан. Қазақ-қытай шекарасындағы жүк тасымалы тежелген. Бұл шешілмеген мәселе азық-түлік, киім-кешекпен қоса, өзге қажет тауарлардың да бағасына тікелей әсер етуі мүмкін.

Әсет Ерғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бұны өте қиын айтуға. Сіздер білесіздер, келесі жылға біз болжам жасадық. Келесі жылда инфляция деңгейі 4-6 пайызға дейін болады деп отырмыз. Бірақ осындай процестер әлемдік экономикада болып жатыр. Үкімет тарапынан қажетті шаралар қазір енгізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде