{metadescription}
Ақбастауда адам да, мал да бір жерден су ішеді
Ақбастауда адам да, мал да бір жерден су ішеді

Ақбастауда адам да, мал да бір жерден су ішеді

Адам да, мал да бір жерден су ішеді. Алматы облысындағы Ақбастау ауылының тұрғындары осылай шу шығарды. Ауыз су құбыры әлі күнге тартылмай, жоғарғы ауылдан ағатын суды пайдалануға мәжбүр.

Жайнақ округіне қарайтын қалған ауылдардың бәріне құбыр жүргізілген. «Өркениеттен қалыс қалдық» деген халыққа әкімдіктің айтар өз жауабы бар.

Кербұлақ ауданына қарасты Ақбастау ауылында небәрі 40 үй түтінін түзу түтетіп отыр. Малмен жан баққан жұрттың негізгі уайымы – таза ауыз суға қол жеткізу. Соңғы үш жылдан бері әкімдік табалдырығын тоздырып шағымдарын жеткізгенмен, құрғақ уәдемен келеді дейді.

Марат Сапарбаев, Ақбастау ауылының тұрғыны:

Осымен ауданның үш әкімі ауысты. Жылына екі-үш рет барамыз. Тұрғындардың қолын жинап петиция жаздық. «Ойбай, анау жоқ, ақша түспеді, анау-мынау болды» дейді. Баяғы колхоз кезінде салынған, 60 жыл болды. Оны жылына екі-үш рет жөндейміз!

Ақбастаудағы ауыз судың жалғыз көзі жоғарыдағы Алтынемел ауылынан ағады. Бірақ оның өзі бірде бар, бірде жоқ,

Рысқан Байшоқаева, Ақбастау ауылының тұрғыны:

- Қыстың күні суымыз тоқтап қалады. Қазір күн жылы болғаннан кейін ағып жатыр. Осы ауыз суды аламыз, екі көше болып тұрамыз, қыстың күні қарда суға жету қиын. Малдың бәрі осы жерден су ішеді, малымыз да, өзіміз де.

87 жастағы ауылдың үлкен ақсақалы Әнсары Бектемісов әлі күнге арбамен суды өзі тасиды. Ұлы мүгедек. Қария қазіргі күйіне еріксіз кемсеңдейді. «Көрем деген күнім осы ма еді» деген мұң жанарындағы жасқа тығылған.

Әнсары Бектемісов, Ақбастау ауылының тұрғыны:

- Екінші топта балам бар. Бір шақырымнан балам сүйреп келеді. Мен кезектесіп сүйреймін. Міне, осыдай күн көріп жатырмыз. Қазақстанның байлығы деген он Қазақстанды асырайды деп ұялмай теледидардан айтады. Бір Қазақстанды асырай алмай жатыр ғой, қайда кетіп жатыр мына байлығымыз?

Ақбастау қарасты Жайнақ округіндегі ауылдарға әлдеқашан ауыз су жүргізілген. «Өгейдің күйін кешкендейміз» деп күйінген көпшілік қыжылына әкімнің берген жауабы қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды дегенге саяды.

Ғалиасқар Сарыбаев, Кербұлақ ауданының әкімі:

- Жобалық сметалық құжатын жасау үшін конкурс берілді. Ұтып алды. «Ред лайн» деген компанияға 8,8 млн ға ақшаға ұтып алған болатын, сол қазір жобасын жасап жатыр. Құжаттарын реттеп жатыр. Сметалық жасалғаннан кейін оны сараптамаға енгіземіз. Шыққаннан кейін ақша бөлуді қарастырамыз.  

Ақбастаулықтардың әзірге күтуден басқа амалы жоқ. Ал Әнсары ақсақалдың суын жеткізуге бүгін көмектесетін адам табылды. Тоқсанға қадам басқан қарияға ол да бір қуаныш..

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде