{metadescription}
Петропавл тұрғындары көмір таппай сенделіп жүр
Петропавл тұрғындары көмір таппай сенделіп жүр

Петропавл тұрғындары көмір таппай сенделіп жүр

Петропавл тұрғындары көмір таппай сенделіп жүр. Әсіресе сұранысқа ие «Шұбаркөлдің» отыны еш жерде жоқ. Ал келгеннің күннің өзінде бәріне бірдей жетпей жатыр. Көмір сататын жерлерде ұзын-сонар көлік кептелісі.  

Жүргізушілер құр қол қайтпау үшін тіпті түннен бастап тізбекке тұрады екен. Көмірге таласқандар жаға жыртысып төбелесуге дейін барауда.

Якорь ауылында тұратын Ирина Акулованың үйінде көптен күткен қуаныш. Бүгін бұл отбасы көмір алды. Ұядай үйі болып жылынып шаттанып жүр. Қыста жағар отын алу үшін бір ай бойы сенделіпті. Көмір таситындарға қоңырау шалып, кезекке де ерте жазылып қойды. Бірақ ұзын-сонар тізім  жылжымай, жүйкесін тоздырған.

Ирина Акулова, Якорь ауылының тұрғыны:

Кезекте 118-ші болғанбыз, әйтеуір жеттік.Менің кішкентай сәбиім бар. Осы уақытқа дейін жинаған отынның біразын жақтық. Көмір алып қатты қуандық.Ауылда осыдан бір ай бұрын  тапсырыс беріп қойып күтіп отырған қаншама адам бар. Тапсырыс беруге телефон шалсаң, «екі айсыз болмайды» дейді.

Бүгін Петропавлдағы теміржол тұйығына көп болып күткен «Шұбаркөл» де келіп жетті. Кешеден кезекте тұрғандар лап қойды. Тіпті бірнеше шақырымға созылған көліктер, бір бірін соға жаздап, әрең тоқтады. Ал 10 вагон ғана келгенін естігенде ел-жұрт айғайға басты. Өйткені тағы да көмірсіз қайтуы мүмкін.

Шұбаркөл көмірі үшін облыстың түкпір түкпіріндегі аудандардан  осында келген. Кезекте жеке меншік те, ірі кәсіпорындардың да көліктері тұр. Айдан аса уақыт сабылудан шаршаған олар тіпті көмір сұрауды қойған. Шенеуніктер тым болмаса кезекті реттеп, тәртіп орнатуға көмектессе ,-дейді ашулы жұрт.

Уәде беруден  жалықпайтын шенділер көмек көрсетеміз деді. Олар ертеңнен бастап жағдай реттеледі деп тұр. Айтуларынша,  таптырмай тұрған «Шұбаркөл» орта жолда келе жатыр. Кезек мәселесін де реттеуге араласатын болды

Айболат Әубәкіров, СҚО ТҮКШ басқармасының бас маманы:

- Иә, вагондар келмей, «Қазақстан теміржолы» компаниясымен өзара келісім жасауға тура келді. Қазір жолда, көмір артқан 10 вагон келе жатыр. Тағы 10 вагонды дүйсенбі күні  «Шұбаркөл» артуға қояды. Біз көімір жеткізетіндермен де, теміржол тұйықтары иелерімен сөйлесіп жатырмыз. Халықтың бұл тығырықтан шығуына көмектесеміз.

Бүрсеңдеп тоңған тұрғындарға ауа райы қарайласатын сияқты. Синоптиктер жақын күндері күн жылынады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде