{metadescription}
Жамбыл облысында әкімдік еккен тал-теректер қурап жатыр
Жамбыл облысында әкімдік еккен тал-теректер қурап жатыр

Жамбыл облысында әкімдік еккен тал-теректер қурап жатыр

Жамбыл облысында әкімдік еккен тал-теректер қурап қалды. Оған жұмсалған қыруар қаражыға бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. Шенділер бұталар кеуіп кетсе, орнына тағы да жас көшет отырғызамыз деп, міз бақпай отыр. Тараздың аумағын абаттандыру жобасы неге жүзеге аспай қалды?

Жасыл белдеуге жұмсалған бюджеттің миллиондарын КТК тілшісі түгендеп көрді.

Қалаға кіреберіс аумақ абаттандырылып жасыл-желекке айналуға тиіс еді. Бірақ әзірге әкімдіктің ойлағаны болмай тұр. Бұл көрініске қарап көңілің құлазиды. Мәселен, мына ағаш бірнеше жыл бұрын отырғызылған. Қазіргі жағдайы – тамырына дейін қурап кеткен. Мына ағашқа да зер салыңыз – бел ортадан морт кеткен. Ол енді қайта көктей ме?   

Жалпы аумағы 100 гектардан астам алқапқа қара ағаштар отырғызылып жасыл белдеу құрылуға тиіс еді. Бірақ бәрі керісінше болды. Абаттандырылады деген аумақ қоқыс төгетін орынға көбірек ұқсайды. 

Жергілікті тұрғын Армат Барлыбаевтың түсірген таспасы. Көңілді күпті қылатын көрініс әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Экологтар да дабыл қағуда. Олар әкімдік ақшаны «желге шашты» деп есептейді. 

Рауф Сәбитов, Табиғат құндылықтарын қорғау бойынша тәуелсіз сарапшы:

- Бұл жерде «Жасыл белдеу» жобасы туралы айтудың өзі ұят. Жылда егеді, солады, бітті. Неге себебін анықтап сараптама жасамайды. Облыс, қала билігі ағаш отырғызуға келгенде ақшаны желге шашумен айналысып жүр.

Жергілікті билік тек 30 гектар аумаққа 42 мыңға жуық көшет отырғызылғанын айтады. Қалғаны металлургия зауытына тиесілі дейді. Оны отырғызған да, қуратып алған да өздері екен. Әкімдікке қарайтын төңірекке қазынадан 22 миллион жұмсалған. Әрі шенділер кәсіпорын маңындағы ағаштардың қурап қалуы қалыпты жағдай деген пайымда.

Зият Тұрсынұлы, Тараз қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы:

 - Ол Жамбыл ауданына қарайды, бізге қарамайды. Біз еккенбіз, бірақ оны біз күтіп-баптап ұстаймыз.

- Неге енді қазір, күтіп бапталмаған, қурап қалған? 

- Енді ол жерде, өзіңіз білесіз, вегитациялық кезең ғой. Қурап кеткен жерлерді қайта, жаңадан егетін боламыз.

Ал металлургия зауыты ағаштардың көктемей қалуы күтіп-баптаудың кем болуынан емес дейді. Сөздеріне сенсек, тал-дарақтардың қазіргі жағдайына жақын маңдағы екі зауыт кінәлі екен. Айтуларынша, кәсіпорындардан тараған улы қалдық ағаштарды солдырып тастаған.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде