Короновирусты кәдімгі тұмаудан ажырату қиындап бара жатыр
Қауіпті індет 37 отандасымыздың өмірін жалмады. COVID-19 бен короновирус пневмониясымен ауырғандар саны 1 жарым мың адамның төңірегінде тіркелуде.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
04.11.2021
«Қызыл» аймақ: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақ: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.
COVID-19 жалпы ауырғандар саны: 944 501
COVID-19 жалпы қайтыс болғандар саны: 12 181
Дәрігерлер короновирусты ПТР-тестсіз кәдімгі тұмаудан ажырату қиындап бара жатқанын айтады. Күзде жедел респираторлық вирус жұқтырғандар көбейген. Мысалға, қыркүйектен бастап вирустық инфекциямен 74 мыңнан астам адам ауырған. Бұл былтырғымен салыстырғанда төрт есе көп.
Сәдуақас Байғабылов, Алматы қаласы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Жыл басынан 4 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Карантин шектеуін бұзғаны үшін 747 заңды тұлғаға 260 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Бетперде режимін бұзғаны үшін 5870 тұрғынға 258 млн. теңге айыппұл салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!