{metadescription}
Тоқаев: Үкімет пен әкімдер халықты қайта вациналау науқанына кірісуі керек
Тоқаев: Үкімет пен әкімдер халықты қайта вациналау науқанына кірісуі керек

Тоқаев: Үкімет пен әкімдер халықты қайта вациналау науқанына кірісуі керек

Тоқаевты коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынының төмендігі қынжылтты. Соңғы тоғыз айда халықтың небәрі 40 пайызы екпе салдырған. Президент елдегі қауіпті індет бойынша эпидахуалдың тұрақты болмауына да осы науқан әсер етті деген пікірде.

Сол себепті вирусқа қарсы екінші рет вакциналау науқанына үкімет пен әкімқаралар бел шеше кірісуі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Әлемнің біраз елі қайта вакциналауды бастап кетті. Біз белсенді түрде екпе салуға наурыз айында кіріскенімізді ескерсек, ревакциналауды бастайтын уақыт жетті. Үкімет пен әкімдер халықты қайта вациналау науқанына кірісуі керек.

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы иммундау шарасын барынша күшейтіп жатырмыз дейді. Қарашаның 8-14 аралығында елге америкалық Pfizer вакцинасының екі миллион дозасы жеткізіледі. Жаңа препарат тек 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге, созылмалы және қауіпті дертке шалдыққан жандарға салынады. Вакцина жеткізіле салысымен халық санына қарай өңірлерге бөлінеді. Препарат сақтайтын арнайы тоңазытқыштар дайын.

Коронавирусқа вакцина алғандар «Ашық» жүйесінде «жасыл» мәртебеге ие болмақ. Алдағы аптадан бастап елордада дәл осы тек «жасылдар» ғана жұмыс және демалыс күндері ойын-сауық, сауда орталықтарына кіре алады. 

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Егер сіз коронвируспен ауырған болсаңыз, ревакциналауға дейін 6-9 ай көлемінде уақытыңыз бар. Бұл уақыт аралығында сізде «Ашық» қосымшасында «жасыл» мәртебе сақталады. Әркімнің сырқатқа қарсы иммунитеті әр түрлі. Егер дәрігерлік тексеріс барысында иммунитетіңіз әлсіз екенін байқасаңыз, қайта вакцина алуға толық құқығыңыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде