{metadescription}
37 жастағы әйел  баласын пышақтап тастады – Алматы облысы
37 жастағы әйел  баласын пышақтап тастады – Алматы облысы

37 жастағы әйел  баласын пышақтап тастады – Алматы облысы

Тамағын да тіліп жіберген. Алматы облысында 37 жастағы әйел  баласын пәтерінде пышақтап тастады. Ауыр жарақат алған 10 жастағы жеткіншек жансақтау бөлімінде жатыр. Қатігездікке барған келіншек қамауға алынып, оның психикалық ауытқуы бар-жоғы анықталуда.

Көршілерінің айтуынша, күдікті соңғы екі-күш күнде үйінде қамалып, өзін Тік-Ток кейіпкерлері өлтіргісі келетінін жеткізген.

Қанды қылмыс кеше түс ауа өз пәтерлерінде болған. 37 жастағы әйел бауыр еті баласын пышақтап тастаған. Көршілердің айтуынша, мұндай қатігездікке барған келіншек екі күн бойы бәз біреулерден қорқып үйінде тығылып жүрген. Қазір бұл баспананың ішінде күдіктінің туыстары бар. Бірақ олар сұхбат беруден бас тартты.

Аза бойыңды қаза қылатын оқиғаны естіген Өтеген батыр кентінің тұрғындары жағасын ұстап отыр. Ал көпқабатты үйдің тұрғындары бұрын-соңды оғаш қылығымен көзге түспеген Әсел Жексенбинованың мінезі аяқ астынан өзгергенін байқап басын шайқайды. Үрей құшағында жүрген үш баланың анасы өзін Тік-Ток кейіпкерлері өлтіргісі келетінін көршілеріне айтып көмек те сұрапты.

Виталина Добролюбова, көршісі:

Дүкенге бірге барып қайтайық деп айттым. Қылмыс болған күні. Алайда ол мен шықпаймын, қорқамын деді. «Неден қорқасың?» деп едім. «Тік-Токта бір кейіпкерлер, менің өміріме, балаларыма қауіп төніп тұр» деп айтты. Дұрыс түсіндіре алмады. Шыны керек, Әселді танымай қалдым. Бұрын жайдары, ашық-жарқын әйел болатын.  

Ал қансыраған күйі ауруханаға жеткізілген 10 жастағы жеткіншек қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр деп отыр. Бірнеше жеріне пышақ сұғылған. Тіпті көзі қанталаған анасы ұлының тамағын де тіліп жіберіпті.  

Асқар Қалиев, Алматы аймағы балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

- Балаға келген кездегі қойған диагнозы, денесі пышақпен кесілген және пышақ сұққан жарақаттар. Мойнына, арқасына, сол жақ қолына. Кеңірдегі, қалқанша безі зақымдалған. Тігілді. Ота сонымен аяқталды. Баланың жағдайы қалыпты. Бірақ ауыр болып саналады. Бақылауда болады.

Жантүршігердік жағдайға қатысты «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, қазір оның психикалық ауытқуы бар-жоғын анықталуда. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Күдікті ұсталды. Қазір полиция бөлімінде. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Бұлтартпау шарасын таңдау және оның психикалық диспансерге орналастыру туралы мәселе шешілуде. Заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралы пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Қылмыс болған күні үйдің ішінде тағы кімнің болғаны әзірге белгісіз. Күйеуі туралы да ақпарат жоқ.  Ал күдікті осыған дейін пәтерінің ішінен сұлулық салонын ашып, жеке кәсібін дөңгелеткен. Қазір оның кәмелетке толмаған тағы екі қызы жақындарының қарауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде