{metadescription}
Тараздағы оқу орнының бөлімшесі таратылу алдында тұр
Тараздағы оқу орнының бөлімшесі таратылу алдында тұр

Тараздағы оқу орнының бөлімшесі таратылу алдында тұр

Тараздағы аты дардай оқу орнының бүтін бір бөлімшесі таратылу алдында тұр. Мұндай шешім шықса жұмыссыз қаламыз ба деп үрейленген қызметкерлер бұл жағдайға ректор мен проректордың өзара қырқысы себеп дейді.

Екі басшының келіспеушілігінен далада қалуымыз мүмкін деген мамандар бұл іске министрліктің араласуын сұрап отыр. Білім ошағы қызметкерлерінің жанайқайын Руслан Әбдіхалық тыңдап келді.

Аймақтағы ең ірі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бөлім қызметкерлерінде бірнеше күнен бері маза жоқ. Оларға 13 адамнан тұратын шағын ұжымның таратылатыны жөнінде ескертіліпті. Мұны естіген мамандар енді не істерін білмей дүрлігіп жатыр. 

Надира Жақыпбаева, Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығының маманы:

Жауып тастайды деп те естіп жатырмыз. Біздің бастығымызға тікелей атака жасау үшін. Бізді жабады деген өсек біраз болды тарап жүргеніне, нақты айтылып жатыр.

Наразы топ «шабуыл» деген сөзді бекер қозғамады. Олардың айтуынша, бұл мәселе университет ректоры мен тәрбие ісі жөніндегі проректор арасындағы даудан кейін туындаған. Яғни, екі басшының текетіресінен қиын жағдайға тап болдық дейді. Білім ошағында 25 жылдық өтілі бар Альмира Наурызбекова қарамfғындағылардың сөзін растап отыр. Проректордың сөзінше, тағайындалғанына небәрі үш ай болған ректор оның жылы орнына көз тігіпті. 

Альмира Наурызбекова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры (ауд)

- Ректор менің бұл лауазымда отырғанымды қаламайтын тәрізді. Меніңше бұл қызметке ол кісінің өз жоспары бар. Жаңа ректор біраз қызметкерді ауыстырып үлгерді. Бас есепші, шаруашылық жөніндегі проректор және біреше декандар ауыстырылды. Бұрын болмаған аппарат жетекшісі деген лауазым да ашалып, оған ректордың курстасы тағайындалды. 

Ал университет ректоры білдей бөлім таратылады деген даурықпа сөз дейді. Өзі бұл мәселені енді естідім деп аң-таң. Әрі проректордың соңына шам алып түсті деген

Талғат Ешенқұлов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры:

 - Тәрбие ісі жөніндегі проректордың міндетін атқарушы кісіге менде бүгінгі таңда жеке басымның ешқандай араздығым жоқ. Ол кісімен ешқандай дау-дамай туындаған емес. Үшіншіден: Сіз айтқандай мен бір кісіні алып тастап, екіншісін қою туралы ондай құзыретім де, жоспарым да жоқ.

Осылай деп ағынан жарылған басшы айналасына өз жақындарын жинап жатыр деген уәжді де теріске шығарды. Оның сөзінше, лауазым иелерін тағайындау шешімін директорлар кеңесі қабылайды екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде