Тоқты аяусыз жұтып отырған майнингке тыйым салмайды
Қазақстан Үкіметі тоқты аяусыз жұтып отырған майнингке тыйым салмайды! Заңды түрде тіркеліп, криптовалюталарды өндірумен айналысатын компаниялар ештеңеден қорықпаса болады дейді Энергетика министрі.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
05.11.2021
Соңғы кезде талқыланып жүрген энергия тапшылығы жөнінде Мағзұм Мырзағалиев осындай ойын білдірді. Президент те қоластындағыларды қолдайды, майнингпен заңды айналысатындардың жарықты көп тұтынуға қатысы жоқ деп есептейді екен.
Керісінше, министрлер кабинеті жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңартуы керек. Майнерлер сенаторлардың да назарынан тыс қалған жоқ. Енді Қазақстанда майнинг фермаларға қаржылық мониторинг жүргізілмек. Криптовалюта өндіріп жатқан сондай ең үлкен ферманы тілшіміз Гүлбағда Қайратқызы көріп келді.
Екібастұздан 20 шақырымдай жерде жатқан мына дата орталық Қазақстан ғана емес, ТМД елдері арасында ең ірісі. Бір жыл бұрын криптовалюта өндіру үшін ашылған. 15 гектар аумақта 7 ангар орналасқан. Электр қуатын тұтыну сағатына 130 мегаватт. Түсінікті болу үшін айтайық, бүкіл Қарағанды қаласы дәл осындай жарық көзін тұтынып отыр.
Кіреберісінде қызыл түсті STOP белгісі, темір қоршаулар, қаруын асынған қарауыл, жан-жағының бәрі бейнебақылау камералары. Жоғары технологиялы дата-орталыққа бірінші болып бас сұққан адамдар осындай қорғаныстан секем алып қалады. Бірақ, қауіп аңғарлардың ішіне кіріп, мыңдаған жасыл түсті жарықты көргенде су сепкендей басылады. Бұл криптовалюталарды өндіретін asic майнерлер. Құрылғының қазір сұранысқа ие болғаны соншалық, Қазақстан осы күзде майнинг өндіруден екінші орынға шықты. Алдымызда Америка. Қазір бір биткоин 26 миллион теңгеге бағаланса, оған деген сұраныс та күн санап арта бермек.
Криптовалютаға деген қызығушылық Қытайдың өз аумағында оны өндіруге шектеу қоюында болып отыр. Сөйтіп, елімізге инвесторлар ағылып, саланы дамыта бастады. Бір жағынан, елімізде электр қуаты арзан. Дегенмен, таяқтың екі ұшы бар. Осындай майнинг фермалардың кесірінен энергия тапшылығы сезіле бастаған.
Ербол Тұрғымбаев, дата-орталық директоры:
- Бізде саланы заңдастыру, реттеу жүргізіліп жатыр. Үкімет де қатаң бақылауда ұстап отыр. Соңғы кездері кейде қарбалас сәтте бізге электр қуатын беруді шектеп жүр. Күніне бір рет, кешке сағат 6-мен 10-ның арасында. 80 пайыз шамасында шектейді. Ал 20 пайызын базаның өміршеңдігі үшін алып қалады.
Еліміз жыл басынан бері сағатына 83 миллиард киловатт электр тұтынған. Алдағы уақытта тапшылық әсересе оңтүстік өңірлерді тығырыққа тіреуі мүмкін арасында. 80 пайыз шамасында шектейді. Ал 20 пайызын базаның өміршеңдігі үшін алып қалады.
Еліміз жыл басынан бері сағатына 83 миллиард киловатт электр тұтынған. Алдағы уақытта тапшылық әсересе оңтүстік өңірлерді тығырыққа тіреуі мүмкін.
Жәнібек Байдолла, стратегиялық бастамалар орталығының серіктесі:
- Бүгінде электр қуатының жетіспеушілігі байқалып отыр. Бұл бірақ, 2023, 2027 жылдарға шегеріліп, сол кезде шешілетін мәселе емес. Мұны бүгін-ертең қолға алуымыз керек. Әрине, энергетика саласы майнинг өндіруден мол пайдаға кенеліп отыр. Мұны ұмытпау қажет. Қазақстанда ең жоғары қуат тапшылығы бар. Бізге дәл сол күш кешкі және таңертеңгі уақытта жетпейді. Майнингтік фермалар төлейтін салық есебінен сол маневрлік қуатты дамыту мүмкіндігі бар. Сонда өзекті мәселе шешілетін еді.
Келесі жылдан бастап майнинг нарығына жаңа салық енгізіледі. Заңды тіркелген өндірушілер 1 киловатт-сағатына 1 теңге төлеуге міндетті. Ал көлеңкелі майнингпен айналысатындар сол тығылған күйінде қалып, әрі қарай тоқты аяусыз тұтына бермек. Қуаттың жетпей жатқанын кеше Екібастұзда өткен жиында президент те айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Біздің барлық электр қуатымызды пайдаланып отырған, жау майнерлерді таптық. Елімізде жарықты пайдалану 8-10 пайызға артқаны туралы да сөз қозғап жүрміз. Жағдай өте қиын. Жақында Энергетика министрін қабылдадым. Тиісті тапсырма бердім. 2024 жылға дейін Екібастұздағы электр станциясын жаңғырту керек.
Мемлекет басшысының «сұр» майнерлерді табу тапсырмасы күн тәртібінде. Шенеуніктер мен мамандар оларды қолға түсіру қиынға соқпайды дейді. Ресми дерекке сүйенсек, елімізде 54 биткоин табумен айналысатын ферма бар. Олар 20 ғасырда салынған электр станцияларымен артық қуатты майнерлерге беру үшін шарттасып қойыпты. Бұл тарифтің қымбаттауына әкеледі.
Болат Тұяқбаев, ҚР Энергетика министрлігінің басқарма басшысы:
- Майнинг компаниялардың тұтынатын электр қуаты ол үлкен облыстармен теңбе-тең келеді. +061702-09 Елдегі бар қуаттарды пайдалану үшін майнингтік компаниялар бүкілімен шарт жасасып қоятын болса, +061731-46 артық электр қуаты болмай қалуы мүмкін. Соны қамтамасыз ету үшін жүйелік оператор шетелден электр энергиясын импорттауы мүмкін. Импорттаған жағдайда тарифтің қымбаттауына әкелуі мүмкін.
Үкімет болса, тапшылықты жою үшін үш-төрт жылдан кейін жаңа қуаттылықтағы өндіріс орындарын салмақ. Әзірге Энергетика министрлігі қарбалас уақытта майнерлерге тоқ беруді азайта тұрады, бірақ олардың тірлігін тоқтатқалы жатқан жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!