ШҚО: Үш бірдей аурухананың бас дәрігері қызметінен қуылды
Шығыс Қазақстан облысында үш бірдей аурухананың бас дәрігері қызметінен қуылды. Оның екеуі жалған вакцина паспортын жасағаны үшін жұмыстан шығарылған.
Автор: Бек Әбиев
05.11.2021
Әлеуметтік желілерде аймақтағы ауруханалардың бес бірдей дәрігері жұмыстан қуылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда, бүгін облыстың Денсаулық сақтау басқармасы тек үш басшының жылы орнымен қоштасқанын растады. Гиппократ антын бұзғандардың екеуі аудандық ауруханада, ал біреуі Өскемен қаласындағы емханада бас дәрігер болған. Оларды жалған вакцина паспортын жасағаны және пандемия кезінде жұмыс істеген ақхалаттыларға үстемақы төлемегені үшін қызметінен босатыпты.
Бекзат Сакигожина ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы:
- Үш бас дәрігермен еңбек шарты бұзылды. Оның екеуі халыққа екпе егу кезінде, егілмеген адамға құжат бергені үшін. Және біреуі эпидемиологиялық іс шараларға қарсы, тартылған мамандарға қосымша үстемақы төлемегені үшін еңбек шартын бұзды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!