{metadescription}
Талдықорған төңірегіндегі зираттар қараусыз қалған
Талдықорған төңірегіндегі зираттар қараусыз қалған

Талдықорған төңірегіндегі зираттар қараусыз қалған

«Мәйітті мал таптайды». Талдықорғанда қабір қазушылар осындай шағымын жеткізді. Айтуларынша, зират аумағы толық қоршалмағандықтан, төңіректі қадағалау қиынға соққан. Су мен жарықтың жоқтығы да олардың жұмысын қиындатып отыр. Бұл жағдайға қатысты әкімдіктің айтар өз жауабы бар.

Талдықорған шетіндегі зираттың аумағы 120 гектар. Жолдың екі бетінде мал жайылып жүретіндіктен, оқтын-оқтын осында кіреді. Бірер жыл бұрын қоршау қойылғанмен, неге екені белгісіз, жұмыс соңына дейін жетпеген. Су мен жарықтың да жоқтығы қабір қазушылардың қолын байлап тұр.

Қуанышбек Қабзулданов, зират күзетшісі:

- Ең қиын мәселе – су. Елдер келіп су сұрайды, зираттарын тұрғызғанға бізде су жоқ. Жер, көріп тұрсыздар, көлемі үлкен. Мұның бәрін қарап отыру оңай емес те, қоршау болмаса. Зират басындағы тастарын ұрлайды, мына жерде тоқ, тартқан болатын, осы жерге қарайтын кісілер контейнер қойған, сол тоқты ұрлап кетті.

Қалалық зиратты құдды ұмыт қалдырғандай. Бейіт төңірегіндегі күтім мен қадағалауға жауапты мекеме қанша рет әкімдік есігін қаққанмен, әлі күнге мардымды жауап ала алмай, «жұмысымыз ақсап тұр» дейді.

Сая Біләлова, зиратты қарауға жауапты мекеме өкілі:

- Бес жыл бұрын 80 млн. теңгедей бөлінген болатын мына қоршау үйге . 80 миллионға бүкіл зиратты қоршап тастауға болушы еді. Бірақ та қоршалмады, не себепті екенін білмедім. ЖКХ-ға да жаздық,әкімдікке де жаздық, бар жерге жаздық, қаражат бөлінсінші, тендер ойнатылсын деп, бірақ та жауапсыз отырмыз.

Талдықорған қаласының әкімдігі бұл жайдан хабардар. «Мәселені білеміз, жақын арада шешеміз» деген жаттанды жауаппен жылы жапты.

Данияр Ысқақов, Талдықорған қаласы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Осыдан бес жыл бұрын ішінара жұмыстар жүргізілген. Қазіргі уақытта тозығына жетті. «Пятый регион» компаниясымен бірге қазір дефектілік актілер толтырылып, есептеулер жүргізілді. Келесі жылдың бюджетіне енгізу жоспарланып отыр.

Осылайша олқылық орны тек келер жылы толайын деп тұр. Оған дейін ешқандай іс өнбейді.

Талдықорған төңірегінде бас-аяғы 10 зират болса, оның алтауы қараусыз қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.