{metadescription}
Түрмеден шыққан педофилдерге электронды білезік тағылады – айына 10 мың
Түрмеден шыққан педофилдерге электронды білезік тағылады – айына 10 мың

Түрмеден шыққан педофилдерге электронды білезік тағылады – айына 10 мың

Түрмеден шыққан педофилдерге электронды білезік тағылады. Бір қылмыскерді бақылау үшін ішкі істер министрлігі ай сайын 10 мың теңге жұмсайды. Жалға алынатын ақылды құрылғы келесі жылдан бастап пробациялық есепте тұрған педофилдерге салынады.

Қазақстанда алғаш рет электронды білезік былтыр қолданысқа енгізілді. Алаяқтық, жемқорлық ісі бойынша үйқамақта отырғандар тақты. Ал биыл пилоттық жоба ретінде арнайы құрылғы жеті педофилді бақылауға алды. Министрлік жыл соңына дейін 80, келесі жылдан бастап 330 адамға осындай құрылғыны тақпақшы. Бұл қылмыскерлер балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық жасамаған, жеңіл баптар бойынша сотталған қазақстандықтар. Білезіктің арқасында полицейлер пробациялық шарттарды бұзғандарды анықтап отырады. Екі рет заң бұзғандар темірторға қайта тоғытылады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы бір жарым жылда кәмелетке  толмағандарға қарсы қылмыс саны артқан. Еліміздің бас полицейі бұған карантинді кінәлайды. Статистика бойынша зорлаушылардың 70 пайызы зардап шеккендердің жақын туыстары. Сондықтан Ішкі істер министрлігі бұл мәселені жан-жақты шешуді ұсынады.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Зорлаушылардың 20 пайызы  әкесі немесе өгей әкесі, сонымен қатар баланың анасымен бірге тұрушылар. Педофилдердің 50 пайызы  зардап шегушілердің жақын туысы. Тағы бір талдауда балалардың жыныстық білімінің жоқ екені анықталды. Зардап шегушілердің 30 пайызы жыныстық қатынасқа келісіммен түседі. Бұл  жасөспірімдер. Зорлаушы да, зорланушы да. Біз қоғаммен бірге балалардың жыныстық білімін мектептерде ғана емес, әлеуметтік желілер де арттыруымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде