Ішімдікке сылқия тоған екі жігіт үй иесін балталап өлтірді – Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында думанды отырыстың соңы адам өлімімен аяқталды. Ішімдікке тойып алған екі жігіт 30 жастағы үй иесін балталап өлтірген.
Автор: Айман Нұрмағанбет
08.11.2021
- Мынаны қараңдар, қыздар, мына үйде қырғын болып жатыр. Біреуді балталады дейді. Құдай сақтасын! Кемпір-шалы қайда екен...
Жантүршігерлік оқиға Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында болған. Қонаққа келген екі адам үй иесімен ерегісіп қалған. Арты айқай-шуға ұласып, қос жігіт 30 жастағы ауыл тұрғынын балталап өлтірген. Мұны көрген тұрғындар «ауылға қанішер келді» деп, әлеуметтік желіде елді дүрліктірген. Алайда полицейлер бұл ақпаратты теріске шығарды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, марқұм мен оны өлтірген екі күдікті таныс болған екен. Қазір қос күдікті ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- 102 кезекші пультіне Басқұдық ауылында, Береке көшесінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Аталған факті Мұнайлы ауданы полиция бөлімінде іс қозғалған. ҚР ҚК 99-бабы. 2-бөлігі. «кісі өлтіру» бойынша тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!