Бойжеткенді тұншықтырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген
Буындырып өлтірген соң өртеп жіберген. Алматыда 18 жасар қыздың мәйіті элиталы тұрғын үй кешенінде табылды. Өрімдей қызды аяусыз өлтірген қылмыскерді полицейлер әлі іздеуде. Қайғылы оқиғаның анық-қанығын қалай болған?
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
08.11.2021
Жан түршігерлік жағдай Latifa тұрғын кешенінің 13 қабатындағы бір пәтерде болған. Тұрғындардың сөздерінше, марқұмның жігіті 18 жасар қызды өлтіріп, осы жерде өртеп жіберген. Түнгі сағат 1 шамасында айқай-шу шыққан бұл пәтерге кіре алмаймыз. Есігі мөрленген.
Кеше осы пәтерге жігітімен келген бойжеткен туған әпкесіне кешкі жеті шамасында «құрбымның үйінде түнеймін» деп жазып жіберген. Алайда біршама уақыт өткенннен кейін «ұрып жатыр» деп бір ауыз сөз жазып үлгеріп көмек сұраған. Дереу жетіп келген жақындары полиция шақыртыпты.
Данияр Оразов, Алматы қаласының тұрғыны:
- Азанда шықсам, екі бен бір бала келді. «Бірдеңе көрдіңіз бе? деді. «Жоқ, ештеңе көрмедім» дедім. Кейін олар полицияға хабарлады. Келді. Тексеру басталды. Иесі келіп ашты есікті. Көрді. Қызды қылқындырған, сосын өртеп жіберген.
13 қабатты бұл үйдегі пәтерлер түгел дерлік тәулікке жалға беріледі. Солай бола тұра, ылғи да тыныш болатын дейді көршілері. Алайда осы жолы түн ортасында шыңғырған дауыс естіп күйіктің иісі сезілген.
Екатерина , көршіс:
- Пәтерді ашқан кезде жануарды өртегенде шығатын жиіркенішті иіс шықты. Сонымен қатар алкогольдің иісі де мүңкіп тұрды. 12 жарымда қатты соққыдан кейін шыңғырған дауыс естідім. Бірақ мен нәресте құлап жылаған шығар деп ойладым. Өлтірген жігіт түнгі сағат бірлерде қашып кеткен сияқты.
Аяусыз өлтіріп қашқан күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің кім екені анықталды. Ал тұрғын үй кешенінде жезөкшелер мекендейді деп мазасы қашқан тұрғындар марқұм қызды да жеңіл жүрісті деп, әлеуметтік желіде жария қылған. Мұны департаменттегілер жоққа шығарды.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК 99- бабы, 2- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркеліп, Медеу аудандық полиция басқармасың өндірісінде екенін хабарлайды. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Осы ретте жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.
18 жасар бойжеткенді тұншықтырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген қылмыскерді полицейлер іздеп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себеп-салдары алдағы уақытта анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!