{metadescription}
Ақтөбеде тендер жариялаған 50 қолшатырды қоймаға сақтап қойыпты
Ақтөбеде тендер жариялаған 50 қолшатырды қоймаға сақтап қойыпты

Ақтөбеде тендер жариялаған 50 қолшатырды қоймаға сақтап қойыпты

Қолшатыр үшін қысылды. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин елу қолшатырды қарамағындағылардың кімге сатып алғанын білмей сасқалақтады. Әкім тіпті тендер жарияланғанынан да бейхабар екен.

- Шынымды айтсам, білмеймін. Ондай ақпараттан хабардар емеспін. Әрине, сіздің сұрақтарыңызға қатысты тексеремін. Бірақ менің ойымша, шындыққа жанаспайтын секілді.   

Аймақ басшысы «мүмкін емес» деп қипақтағанымен, қарамағындағылардың қолшатырға тендер жариялағаны рас болып шықты. Оның бір-екеуін емес, елуін бірден сатып алып, әкімдіктің қоймасына сақтап та қойған. Алғашқыда 500 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу үшін байқау жариялаған. Кейін жеке кәсіпкер әр данасын төрт мыңнан сатуға келісіп жеңілдік жасапты. Әкімдік қойған талапта қолшатырдың түсі қара, ұстайтын тұтқасы қымбат ағаштан болуы керек деп көрсетілген. Ал осы қара қолшатырды Ақтөбеге қонаққа келген жоғары лауазымды меймандар пайдаланады-мыс. Алыстан келген атқамінерлер сапарға шыққанда көбі қолшатырсыз келеді екен. Сондықтан әкімдік үш жыл сайын қоймаларын осылай қолшатырға толтыруға мәжбүр болыпты.

Мейрам Әуелбеков, Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Бұл жаңағы облыс көлеміне келіп жатқан ішкі және халықаралық делегацияларды күту үшін алынған нәрсе. Кеше премьер-министр келген кезде пайдаландық. Қалғанының бәрі іште тұр. Қанша дана пайдаланғанын мен нақты білмеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде