{metadescription}
0:000:00
Бірқатар аймақта автогаз тағы қымбаттады

Бірқатар аймақта автогаз тағы қымбаттады

Еліміздің бірқатар аймағында автогаз тағы қымбаттады. Сұйытылған отын кей жерлерде 120 теңгеден сатылып жатыр. Семей мен Орал өңірінде жаздан бері тоқтаусыз өскен көгілдір отынның бағасы 42 теңгеге қымбаттаған. Атырауда кеше ғана литрі 95 теңгеден сатылған газ бір-ақ түнде 110 теңгеге көтерілген.

Семейде сұйытылған газдың бағасы рекорд көрсеткішке жетті. Жанармай бекеттерінде бір литрі 120 теңгеден сатылуда. Бұл қымбатшылыққа жүргізушілер наразы. Бұлай жалғаса берсе, газ бағасы бензинмен теңеседі дейді тұрғындар.

Болат Жүнісов, Семей қаласының тұрғыны:

Семейде газ 120 теңгеден сатылуда. Жазда ғана 78 теңге болатын. Газ АИ- 92 бензиннің құнымен тенесуге жақын қалғандай.

Атырауда сұйық отын іздеп сандалғандар қайтадан бензинге көшіп жатыр. Өйткені баға бір түнде 15 теңгеге өскен. Өзге облыстарды газбен жарылқайтын мұнайлы өлкенің өзінде баға ырыққа көнер емес.

Нұрперзент Қапсалықов, Атырау қаласының тұрғыны:

Газ енді күнде қымбаттап жатыр ғой. Өткенде 95 болды. Бір күнде 15 теңгеге қымбаттады. 110 теңге болды. Түсіру керек қой енді. 75 болса норма ғой. Бензиніңмен бірдей болды ғой. Бензин жасаған жақсы одан гөрі. Моторға, неге зияны жоқ қой, әйтеуір. 

Бұл қымбатшылықтың басы ғана. Өйткені қазір газ көлемінің 70 пайызы электронды сауда арқылы сатылады. Ал жаңа жылдан бастап көгілдір отын 100 пайыз алыпсатарлардың қолына өтеді. Сол кезде баға қысқа күнде қырық құбылуы мүмкін дейді мамандар.

Ерлан Назаров, Атырау облысы энергетика және тұрғын үй комуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:  

- 1-сәуірге дейін 2022 жылдың 100 пайыз сауда алаңдары арқылы өтеді. Бір айда жоғары болуы мүмкін бір айда төмен болуы мүмкін. Бұл жерде Батыс қазақстан мен Атырау облысыннан бөлінген газды сол жердегі қатысушылар, яғни нарыққа қатысушылар, газ таратушы мекемелер біреумен саудаға түседі ғой. Ол сұраныс пен ұсыныстың арасындағы баға.

Мұнай-газдың отаны саналатын Оралда да сұйық газдың бағасы 115 теңгеден түспей тұр. Мұны энергетика министрлігі ай сайынғы бөлінетін квотаның азайып жатқанымен байланыстыруда. Шенеуніктер көгілдір отынның құны әлі де өсетінін жоққа шығармайды. Әкімдіктегілер кенеттен сұраныс азая қалса ғана баға арзандайды деп отыр. Ал Атырау мен Маңғыстауда көліктердің 90 пайызы газбен жүретінін ескерсек, сұраныс азаяды дегенге сену қиын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Кеше

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.