{metadescription}
Көлігі Ресей тіркеуінен шығарылғандар не істерін білмей отыр
Көлігі Ресей тіркеуінен шығарылғандар не істерін білмей отыр

Көлігі Ресей тіркеуінен шығарылғандар не істерін білмей отыр

«Көлігіміз қызметке жарамай қалды». Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушілері дау шығарды. Ресейдің тіркеуінен көліктері шығып қалған олар енді не істерін білмей дал.

Мыңдаған азамат ақ адал ақысына алған көлігінен оңайлықпен айырылғысы жоқ. Тәртіп сақшылары: «кінә әу баста заңды оқымаған өздеріңнен» деуден танбай отыр. Ресейлік нөмірлі автокөліктерге қатысты өзгерістерге қарсы шыққан көлік жүргізушілері арыз айтты.  

Жиналған нұрсұлтандық жүргізушілердің қарасы қалың. Бәрінің де талап-тілектері бір – ресейлік нөмір таққан көліктерімізбен емін-еркін қозғалсақ дейді. Оған себеп: бірнеше азаматтың көлігін тартып алып, айып тұрағына қойған. Себебін сұрағанда «көліктеріңіз көрші мемлекеттің тіркеуінен шығып қалды» деген жауап алған.

Осылай деп тәртіп сақшылары бірнеше азаматтың көлігін айып тұрағына алып кетіпті. Алдын-ала ешкімге ескертпеген. Тіпті арасында ақша жинап сатып алған көлігін бір ай да мініп үлгермегендер бар. 

Нұржан Есіркепов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Түнде сағат үште тоқтатты, ешқандай заң бұзғам жоқпын, құжаттарым бәрі дұрыс. «Есепте жоқ» деп, айыппұл тұрағына апарып көлігімді қамады. Өзім сонау 60-70 километрде тұрам, далада қалдырды.  

Ресейлік көлікті көпшілік арзан болғаннан соң алады. Өйткені, қазақстандық автонарықтан қолжетімді бағаға жақсы көлік таба алмайсыз. Біздегі темір тұлпарлардың бағасы удай қымбат. «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп жүрген жандармыз дейді олар.

Байдос Нұрқанов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мұнда келген әрбір жан астымыздағы көлігімізді тартып алады деп емес, отбасымыздың несібесінен айырады деп келіп отырмыз. Барлығы сол Ресейден әкелінген көліктер арқылы нәпақасын тауып жүрген жандар. Мысалы, мен өз көлігімді 600 мың теңгеге сатып алдым. Қазақстанда мұндай бағаға жарамды көлік таппайсыз.

Ал бұған жауапты шенділер: «Сатып алар тұста мән-жайды неге анықтамайсыңдар?» деп жүргізушілердің өзіне шүйлікті.

Тәртіп сақшыларының қаһарына ілінген тек еұрсұлтандық жүргізушілер емес. Орал қаласының патрульдік полициясы да жол бойында қатаң тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл қалада да ресейлік тіркеудегі көліктер жетерлік. Көпшілігі алыпсатарлардың көмегімен қол жеткізген. Ал ресейлік қожайыны көлігі шекардан шығысымен-ақ оны тіркеуден алдырып тастайды. Өйткені өзіне тиесілі емес мүлік үшін салық төлегісі келмейді.

Саяхат Тастілеуов, Орал қаласы ПБ  батальон командирі:

Біздің аймақ Ресей Федерациясымен шектесетін болғандықтан Батыс Қазақстан облысында осы мемлекеттен әкелінген көліктер көп. Сондықтан барлығы заңның аясында болғанын қадағалаймыз.

 Ішкі істер минстрлігінің дерегінше жалпы ел бойынша 90 мыңға жуық ресейлік нөмір таққан автокөлік еш елде тіркеуде жоқ. Көрші елден сатып алынғанда сол жақтағы қонайындары тіркеуден шығарып жіберген. Арасында ұрланғаны, басқа да қылмысқа қатысы барлары да жетерлік екен. 200-ге жуығын полицейлер ұстап үлгеріпті. Бұл алыпсатарлардың көмегіне жүгінгеннің зардабы дейді полицейлер.

Серік Түсіпов, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Егер кімде-кім өз көлігінің шетелде тіркеуде бар-жоғын білгісі келсе, жергілікті полиция департаментімен байланысуы керек. Көпшілігі қазір көрші мелекеттің тіркеуінен шығып қалған, Қазақстанның тіркеуіне енбеген көліктермен жүр. Тәртіп сақшыларының заңға сәйкес көліктерді айып тұрағына қоюға толық құқығы бар.

Көлік жүргізушілерінің күпті көңілін басудың жалғыз амалы– Ресейге барып көліктің бастапқы иесімен келісім-шартқа отыру. Темір тұлпардың сол елдің тіркеуінен шыққаны туралы анықтама алу. Бұл оларға бір жылға ғана ел аумағында емін-еркін жүріп тұру үшін мүмкіндік береді. Ал түпкілікті кәдеңізге жаратудың жолы – көлік жүргізу куәлігін, сатып алу актісін, сақтандыру полисі секілді құжаттарын түгендеп, Қазақстанға тіркеуге қою болып тұр. Тек оған қыруар қаржы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде