{metadescription}
Елордада вакцина алмағандар сауда, ойын-сауық орталығына кіре алмайды
Елордада вакцина алмағандар сауда, ойын-сауық орталығына кіре алмайды

Елордада вакцина алмағандар сауда, ойын-сауық орталығына кіре алмайды

Елорда әкімдігінің вакциналау қарқынын күшейтуге бағытталған кезекті қадамы көпшілікке ұнаған жоқ. Өйткені бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда вакцина алмағандар сауда, ойын-сауық орталықтарына енді кіре алмайды.

Бүгін сауда, ойын-сауық орталықтарына Ashyq-та «көк» мәртебесі барлар жіберілген жоқ. Кей елордалықтар мұндай жаңашылдыққа түсіністікпен қараса, кейбірі орталықтың есігі алдында тұратын тексерушілердің ескертулеріне құлақ аспады. Күзетшілер «көктерді» жүгіріп жүріп сауда үйлерінен қуып жатты.

Ал медициналық қарсы көрсетілімі бар тұрғындар құжаттарын көрсеткеннен соң ғана кіргізілді. Сауда, ойын-сауық орталықтарында егу пунктілері әлі бар. Егер адам вакцина алуға келген болса, пункттегілер өздері алып кетуі тиіс. Кәсіпкерлер палатасы елорда әкімдігінің бұл тыйымына қарсы. «Атамекен» жаңа шектеу бизнеске тағы тұралатады деп есептейді. Яғни сауда, ойын-сауық орталықтарына баратындар қатары 20 пайызға қысқарады, сауда үйлеріндегі дүкендер «шағын және орта бизнес» болғандықтан, шығынға ұшырайды екен.

Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазір бизнесті пайдаланып, вакциналау  деңгейін арттыруды ойламау керек. Шынын айтсақ, бұл ешқандай ұтымды әдіс емес. Керісінше, әкімдік «көк» мәртебедегі 2 миллион адамның не себепті вакцина алмай жүргенін зерттеуі керек. Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейтсін. Айналып келіп, бизнесті қозғай береді. Кәсіпкерлер қазір қыл үстінде тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде