{metadescription}
Алматыда қарашаның соңында ревакциналау басталады
Алматыда қарашаның соңында ревакциналау басталады

Алматыда қарашаның соңында ревакциналау басталады

Алматыда қарашаның соңында ревакциналау басталады. Қызу  дайындық жұмыстарына кіріскен мамандар коронавирусқа қарсы кезекті науқанға «сақадай- саймыз» деп сендірді. Дәрігерлердің сөзінше, қалада ревакциналау кезінде «СпутникV», Vero Cell және QazVac екпесі қолданылады.

Эльвира Ибрагимова, Алматы қаласы орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

- Бірінші кезекте ағзасы әлсіз адамдарға ревакциналау жасауға кеңес береміз. Оған көбінесе 65 жастан асқан қарттар жатады. Өйткені ауруханаға осы санаттағы адамдар көп түсіп жатыр. Үнемі алдыңғы қатарда жүретін медицина және күштік құрылым қызметкерлері де алғашқылардың бірі болып ревакциналаудан өткені дұрыс. Екпе алғандарына 9 немесе 6 ай толған тұрғындар да қалыс қалмағаны абзал.

Мамандар қаладағы «СпутникV», Vero Cell және QazVac екпесінің қоры жеткілікті дейді. Ал үшінші дозаны қабылдау ережесінде бұрынғы талаптардан еш өзгешелік жоқ. Екпе алуға келгендер әдеттегідей тексеруден өткізеді. Бірақ дәрігерлер алдыңғы екі компонентті қабылдаған сәттегідей жағымсыз әсерлер туындайтынын жасырмайды.

Алматыда миллионыншы адам коронавирусқа қарсы екпе алды. 940 мың тұрғын вакцинаның екі компенентін салдырып үлгерген. Қазір қалаға Pfizer вакцинасын әкелу мәселесі де жан-жақты талқыланып, логистика және вакциналарды сақтау шаралары пысықталуда.

Ал қарашаның 14-не дейін елімізге Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Осыған байланысты аймақтарда түрлі түсіндіру жұмысы басталған. Мәселен, Тараздағы дәрігерлер мектеп аралап жүр. Алайда ата-аналардың қобалжып жүргені байқалды. Ақ халаттыларға көкейдегі күдік туғызатын сауалдарын қарша боратқандардың көбі  шешім қабылдамаған.

Нұртуған Әлқуатов, Тараз қаласы №4 емхана бас дәрігер:

Біз бәріміз қауіпсіз ортаны қалыптастыруымыз керек. Бізге мына нәрсені түсіну қажет. Егер мен екпе алып, жанымдағы адам вакцина қабылдамаған болса, ол қауіпті адам. Ол маған жұқтырады, ал мен отбасыма, балаларыма таратымын. Осылай жалғасып кете береді. Оған тосқауыл қоюдың бірден-бір жолы вакцина.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде