{metadescription}
0:000:00
"Өрлеу" халықаралық байқау фестивалі  мәресіне жетті

"Өрлеу" халықаралық байқау фестивалі  мәресіне жетті

Әлемнің үздік бишілері бәсекеге түсіп үздігі анықталды. Алматыда 100-ден астам жас таланттар қатысқан жетінші "Өрлеу" халықаралық байқау фестивалі  мәресіне жетті. Шараға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болды.

Мұрат Түкеев, А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры:

- Көрерменге өте қызықты болады. Байқаудың жазбасын youtube-ке саламыз. Міне, бүгінгі біздің жастарымыз осы кәсіби сахнада билейді. Бұл үлкен жауапкершілік. Олар қазір офлайн түрде өнерін көрсетеді. Ал, шетелдегі жүлделі орын алған қатысушыларымызды онлайн көреміз.

Бастауын 2008 жылдан алып келе жатқан бұл байқау осы жолы ерекше болды. Германия, Жапония, Оңтүстік Корея және өзге де елдерден 100-ден  астам үміткер қатысып өнерін көрсетті. Бірі өзінің ұлттық киімімен шықса, екіншісі классикалық би техникасымен таңқалдырды. Ал топ жарып шыққан жеңімпаздарға демеушілерден ақшалай сыйлық берілді. Көптеген дарындарға «Өрлеу» болашақ өмірге нағыз серпін береді. Өйткені барлық лауреаттар әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Ратмир Джумалиев, А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенті:

- Мен Берлинге байқауға барған кезде екінші орын алып, Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан грант иелендім. Қазақстаннан тыс жерде алғаш рет болдым. Жаңа таныстар тауып, мол тәжірибе жинап қайтқаным бар. Сонымен қатар байқаудың бірден-бір пайдасы көзге түсесің. Мысалы, мені Берлиндегі байқаудан соң оқуға шақырту алдым. Алайда мен өз елімде қалған дұрыс деп шештім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде