{metadescription}
COVID-19: Науқастар – 7500, жағдайы тым ауыр – 520
COVID-19: Науқастар – 7500, жағдайы тым ауыр – 520

COVID-19: Науқастар – 7500, жағдайы тым ауыр – 520

«Қызыл» аймақтағы өңірлердің қатары азайды. Бүгін Ақмола облысы да ауру тарау қаупі жоғары деңгейден «сарыға» ауысты. Дегенмен карантин талаптары әзірге жеңілдетілмей, бір апта бақылауда болады.  

Осылайша «қызы»л жолақта қазір Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары ғана қалды. Ал «сары» деңгейде Ақмола облысы мен Қарағандыдан бөлек, Елорда мен Алматы қаласы тұр. Қалған он өңірде ахуал тұрақталып, эпидкартада «жасыл» түске боялған.

Соңғы тәуліктегі статистика да көңіл көншітерлік. Дерт жұқтырғандар саны бір күнде 909 жағдайға дейін азайған. Алайда қауіпті кесел тағы 32 отандасымыздың өмірін жалмады.

Қазір республика бойынша жеті жарым мыңға жуық науқас ауруханада ем қабылдап жатса, оның 520-сының жағдайы тым ауыр.

Еліміздің солтүстік шебіндегі кейбір аймақтарда карантин талаптары әлі де жеңілдеген жоқ. Оның ішінде «қызыл»деңгейден «сарыға» ауысқан Ақмола облысы ғана бар. Мұндағы ақ халаттылар әзірге арқаны кеңге салуға болмайтынын айтады. Өйткені коронавирусты тұмау белгілерімен шатастырып жатқандар кездесіпті. Олар емдеу мекемелеріне барып сынама тапсырғанда кеселді жұқтырғанын бір-ақ білген. Мәселен, соңғы тәулікте өңірде 76 адамның 68-і жедел респираторлық вируспен қаралғандар екен.

Серік Омарханов, Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысының орынбасары:

- Алдағы 7 күнде ауру деңгейіне мониторинг жүргіземіз. Егер ауру деңгейі бұдан әрі бәсеңдесе, қазіргі кездегі «қызыл» аймақтың қатаң карантин шарасы жеңілдетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.