{metadescription}
Баспана бағасы да әлі тоқтаусыз қымбаттап жатыр
Баспана бағасы да әлі тоқтаусыз қымбаттап жатыр

Баспана бағасы да әлі тоқтаусыз қымбаттап жатыр

Елімізде баспана бағасы да әлі тоқтаусыз қымбаттап жатыр. Қыркүйек пен қазан аралығында тек тұрғын үйдің ғана емес, пәтерді жалдау ақысы да айтарлықтай өскен. Баспана құнының шарықтағанын Ұлттық статистика бюросы растады.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Тек соңғы айда ғана жаңа пәтерлердің бағасы екі пайызға өскен. Одан қарағанда екінші нарықтағы тұрғын үй құнының өсуі бір пайызға кем.

Птерлерді жалдау ақысы да айтарлықтай өсті. Соңғы бес жылда жаңа жылжымайтын мүлік кемі 30-40 пайызға қымбаттаған. Абаттандырылған екінші нарықтағы баспаналар жалға берілетін үйлердің өсімінен әлдеқайда төмен.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жаңа пәтерлердің шаршы метрі Алматы мен елорда түгілі, кейбір аймақтардың өзінде 350 мың теңгеден асады. Ал бұған дейін қолданыста болған баспаналардың бір шаршы метрі 179  мың теңгеден басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде