{metadescription}
Сарапшылар: Келесі жылы нан екі есе қымбаттайды
Сарапшылар: Келесі жылы нан екі есе қымбаттайды

Сарапшылар: Келесі жылы нан екі есе қымбаттайды

Атырауда нан қымбаттады. Ас атасының бағасы бір күнде 100 теңгеден 115-ке бір-ақ өскен. Ал Қарағанды облысында бір бөлке нан 120 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның бұлай шарықтауына ұнның күрт қымбаттауы себеп дейді сарапшылар.

Тіпті алдағы уақытта нан бағасы екі есе қымбаттайды деген болжам бар. Ал қарапайым халық күнде құбылатын баға қалтамызға салмақ салады деп ашулы. 

Наталья Маханова 20 жылдан бері нан сатумен айналысады. Орталық базардың бір бұрышын жалға алатын сатушы жақын күндері кәсібін тоқтатпақшы. Өйткені нанның бағасы өскен сайын, көретін пайдамыз да мардымсыз болып барады дейді. 

Наталья Маханова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Бізге де ыңғайсыз. Үлкен кісілер алмай кетеді. Міне, бағасын жазып қойдық. Олар өзіміз көтердік деп ойлайды. Бірақ үлкен кісілерге өте қиын. Сауда мүлдем жоқ! Тіпті 50 нан сата алмаймыз. Біз тек наннан 5 теңге пайда көреміз. 50 нан сатсақ, 250 теңге пайда. Ол не болады?! Таңертеңнен кешке дейін тұрамыз. 

Атырауда әлеуметтік нанның көтерме саудадағы бағасы 105, бөлшек саудада 115 теңгеге жетті. Ал қарапайым халық 100 теңгенің өзін қымбатсынып отыр.

Тұрар Сұлтанғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

- Кеңес үкіметі кезінде нанды қымбат қылмайтын. Нан ең бірінші қажеттілік! Құр нан мен өмір сүріп жатан адамдар бар. Нанға тойып жүрмейтін. Мынау масқара ғой?! Мына еліміз деген бай. Байлықтың бәрі бармұнай, газ. Сонда нан неге қымбат?! Мысқара ғой! Қалай халық күн көреді. Жалақы өспеді, зейнетақы өспейді.

Ал жергілікті әкімдік  нанның тек шекті бағасын ұстап тұра аламыз деп қол қуысырып отыр. Сондықтан қазіргі баға белгілі межеден асқан жоқ дейді атқамінерлер.

Амангелді Саламат, Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Нан бағасының өзіндік құнының артуына байланысты енді көтеруге мәжбүр болып отыр. Бірақ біздің шекті бағадан  асып отырған жоқ. Бір келісі 193 теңге, көтерме саудада. Бөлшек баға 180 теңге.

Ауыл шаруашылығы басқармасы жақын күндері азық-түлік корпорациясы арқылы қосымша 1000 тонна бидай келеді деп уәде етті. Ал келесі жылға министрлікке сұраныс жіберіп, 25 мың тонна бидай қажеттігін қаперлеріне салған. Алайда қарапайым халық та, наубайхана қожайындары да енді нан бағасы тұрақталады немесе төмендейді дегенге сенбейді.

Қарағанды облысында да жалпы азық түлік, оның ішінде нан бағасының күрт өсуі соңғы жарты жылдан бері байқалады. Жазғытұрым бөлке нан 80 теңгеден сатылған. Қазір ас атасының бір бөлкесі үшін дүкендер 110-120 теңге сұрайды. Олардың айтуынша наубайханалар белгілейтін баға көтерілген. Ал қарапайым тұрғындар бағаның күн сайын құбылуы қалтаға айтарлықтай салмақ салады дейді.

Нина Силина, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Шынымды айтсам, бағалардың өсуі қатты әсер етіп жатыр. Ал дүкендерге кірсең, қатты қапа боласың. Өйткені кей жерлерде отандық өнімнің бағасы шетелдің тауарлардан қымбат екенін көресің. Сонда бұл үкіметтің өз халқына жасаған қастандығы ма? Менің көпбалалы айлық табыстары 80 мың теңгеден аспайтын таныстарым бар. Олар қалай жан бағып отырғанын елестету қиын.

Ал сарапшылар келесі жылы нан екі есе қымбаттайды деп болжам жасап отыр. Тіпті «Азық-түлік корпорациясы» арқылы берілген қосымша бидайдың да жетпей қалатынын алға тартады. Сондықтан қамбаны қазірден бастап бидайға толтырмасақ, келесі жылы жағдай тіпті қиындай түспек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.