{metadescription}
Сұйылтылған газды теміржолмен экспорттауға тыйым салынуы мүмкін
Сұйылтылған газды теміржолмен экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

Сұйылтылған газды теміржолмен экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде сұйылтылған газды теміржолмен экспорттауға тыйым салынуы мүмкін. Энергетика министрлігі ішкі нарықты сұйық отынмен қамти алмай отырғандарға осындай шұғыл шара қолдануға мәжбүр. Тасымалға тоқтау болмаса, тапшылыққа ұрынамыз дейді шенеуніктер.

Сұйылтылған газдың қымбаттауына энергетика министрлігінің еті үйренген. Жыл сайын қайталанатын жағдайда жауапты орган сұйық отынды шетелге шығаруды азайтуға көшеді. Биыл да теміржол арқылы өнімді экспортқа тыйым салынуы мүмкін. Бірақ министрлік қай елдерге тасымалдың қысқаратынын нақтыламады. Алдымен, олар сұйылтылған газды өндіретін компаниялардың көлемін бағамдап көрмек. Шенеуніктер көгілдір отын бағасының шарықтауына бір жағынан тұтынушылардың өзін кінәлайды. Екі жыл бұрын газбен жүретін көліктер саны 140 мыңдай болса, қазір 313 мыңға жеткен. Қазақстандағы газ бағасы басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан екен.

Еліміздің бірқатар аймағында сұйық отын 120 теңгеден сатылып жатыр.

Мұрат Жөребеков, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Егер газ өндіруші компаниялар ішкі нарықты толық қамти алмаса, яғни тиісті нормада еліміздің өңірлеріне сұйық отын жеткізбесе, онда біз олардың шет елге газ шығаруына тыйым саламыз. Алдымен ел аумағында жетіспеушілік болмауын қадағалаймыз. Қазір елімізде автокөлік арқылы жанар-жағармайды экспорттауға рұқсат жоқ. Осындай ережені темір жолға да бекітпекпіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде