{metadescription}
Қаза болған бес шахтерді жерлеуге құрым халық жиналды – Қарағанды
Қаза болған бес шахтерді жерлеуге құрым халық жиналды – Қарағанды

Қаза болған бес шахтерді жерлеуге құрым халық жиналды – Қарағанды

Абай шахтасындағы апатта қаза болған 6 кеншінің бесеуі бүгін жер қойнына тапсырылды. Оларды ақтық сапарға шығаруға жиналғандар санында есеп болмады. Ал апат ошағынан тірі шыққан тағы екі кенші ауруханада жатыр.

Қарағанды маңындағы шағын ғана Абай қаласы бүгін қара жамылды. Мұнда таңертең алдымен марқұмдардың ішіндегі ең жасы Наиль Абдуллиннің жаназасы шығарылған. Онымен қоштасуға жақындары, дос-жараны тегіс жиналған.

Одан кейін қала тұрғындары шахтада көз жұмған Николай Скитченко, Виталий Шмидт, Сергей Краус және Алексей Супруновпен қоштасуға жергілікті шіркеуді басып қалды.

Ал олардың әріптесі Сергей Корниенконы жерлеу рәсімі ертең өтеді. Өйткені марқұмның жақындары көрші елден келе жатқан туыстарын күтеміз деп шешкен екен. Бұлардың денесін Қарағандыдағы мәйітханадан әріптестері кеше кешкілік өз күшімен жеткізген. Марқұмдар Абай шахтасында алды 30, берісі 6 жыл тер төккен.

7-қараша күні таңғы сағат 8 ден 24 минут кеткенде жер астында метан газы жарылды. Сол кезде шахтада болған 64 кеншінің 56-сы жер бетіне шығып үлгерген.    

Денис Нестеров, кенші:

- Бұл жігіттерді барлығымыз білеміз, бір кенжарға қатар түсіп-шығып жүретінбіз. Найль Абдуллин болашағынан үміт күттірген жас жігіт еді. Бәріне үлгеріп жүретін. Виталий Шмидт бригадир болатын. Ең бастысы, біз тергеу әділ жүрсе дейміз. Ақ-қарасын ажыратсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.